Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: САПА – ЕҢ БАСТЫ ТАЛАП
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: САПА – ЕҢ БАСТЫ ТАЛАП

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.11.2020319 Views

    Облыс Әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері тұтастай ашық түсті мәрмәр тас пен травертинмен қапталуда. Қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралаған аймақ басшысы құрылысшылармен кездесті.Биыл пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің құрылыс барысын бақылап, құрылыс материалдарының сапасы мен жұмыс күшінің жеткіліктілігіне баса мән берген облыс басшысы жауапты жетекшілерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.«Сапа – басты талап. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс материалдары өте сапалы болуы тиіс. Өздеріңіз тұратындай етіп салыңыздар. Жұмыс көлемінің көптігі түсінікті. Десек те, дәл қазір кідіретін кез емес», – деді құрылысшылармен кездескен Өмірзақ Естайұлы.Аймақ басшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады. Мұнда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-де қараша айының соңында құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр.Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған жандар үшін 1452 пәтер беру жоспарланған. Оның 1002 пәтері ипотекалық жолмен берілмек. Ал, 450 пәтер қала бойынша тұрғын үйге мұқтаж тізімінде тіркелген көпбалалы отбасыларға берілетін болады. Одан өзге, 540 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға, бюджеттік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы аз қамтылған отбасылар және жетім балаларға беріледі.Жалпы, Түркістан облысы бойынша биыл 240 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік және ішкі істер органдары мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына тиесілі  77 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған жобалар 2021 жылға өтпелі.Тұрғын үй құрылысы бойынша — 83 жоба іске асырылуда, оның 32-сі ағымдағы жылы аяқталады. Аймақта тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метрді құрайды. 9 ай ішінде өңірде 406,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген.2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына  36,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.