Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысы құрастырылып жатыр
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысы құрастырылып жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.11.2020677 Views

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус эпидемиясының болжамды жаңа толқынына дайындық жұмыстары шеңберінде мегаполистегі «Kazmedpribor» кәсіпорнында болды. Мекеме медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар және медициналық көліктер шығарумен айналысады. Қазіргі уақытта өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын трубиналық аппараттар құрастыру ісін мықтап қолға алған кәсіпорын осы ай ішінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті 88 данасын дайындайды.

    Айта кету керек «Kazmedpribor» ЖШС- де 1 күнде 20-25 ИВЛ аппараттары құрастырылып жатса, кәсіпорын жыл соңына дейін тағы 500 дана осы жабдықтың түрін жасап, еліміздің өзге де облыстарына жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда өкпені жасанды тыныстандыру құрылғыларын жасау үшін 55 пайыз отандық өнім пайдаланылады. Қалған бөлшектер АҚШ, Қытай, Германия елдерінен тасымалданады екен. Ең бастысы жергілікті жерде құрастырылған ИВЛ аппараттарының бағасы нарықта едәуір төмен, әрі сапасы да бәсекелестікке төтеп бере алады. Сондықтан коронавирус індетінің болжамды толқынына дайындық бойынша қажетті медициналық жабдықтың бұл түрінен тапшылық болмайтын көрінеді. Оған қоса кәсіпорын биылдан бастап антисептик түрлерін шығаруды да жүзеге асыра бастаса, мекеме тәулігіне 1500 литр антисептик сұйықтықтарын өндіруге қауқарлы. Қуат көлемі жылына 50 мың дананы құрайды. Кәсіпорынның жылына 150 мың дана медициналық жиһаз түрлері мен 1000 дана медициналық көлік түрлерін құрастырып шығаруға мүмкіндігі бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.