



Өз кезегінде қаламызда орындалып жатқан карантин шаралары жайында Түркістан қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Г. Абишева сөз сөйледі. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №40 Қаулысына сәйкес қаламызда карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Айыппұлмен емес, індеттің қауіп-қатері жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілу маңызын айтқан Рашид Абатұлы қоғамдық көліктердегі дезинфекциялау жұмыстарының күшейтілу қажеттілігін ескертті. Қыс уақыты жақындауына және жұқпалы респираторлық ауруларға шалдығу қауіпі күшею мүмкіндігін ескере, санитарлық талаптарды сақтау шаралары жөнінде тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жанданады.
