Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
    Айғақ MEDIA

    КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.10.2020693 Views

    Рашид Абатұлының басшылығымен апталық мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.

    «Инфрақұрылым және Коммуникациялар бөлімінің» басшысы Нұрлан Қарабалаұлының есебінше, қазіргі таңда қаланың 62,2 пайызында газ құбырлары тартылып, 32358 абоненттің көгілдір отынға қосылу мүмкіндігі бар. Оның ішінде 22,3% яғни 11 600 абонент табиғи газге қосылған. Басқа да тұрғындардың газ құбырларын үй ішіне кіргізуі бойынша түсініктеме жұмыстары атқарылып, мердігер мекемелермен келіссөздер жүргізілуде. Қала басшысы тарапынан 30 қазанға дейін газ беру жұмыстары толықтай бітпеген жағдайда жауапты тұлғалар тарапынан айыппұл төленуі және тұрғындардан кешірім сұрауы талап етілетіні ескертілді.

    Жылу маусымына дайындық барысында Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ықпалымен қаламызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының мұржаларын тегін тазартып беру жұмыстары қолға алынған. Сонымен бірге, қазіргі таңда аталған бөлім көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу пештерінің сапасын тексеріп, газ құбырлары жүргізілген аймақтарға газды қолдану техникалары жазылған ескертпе қағаздарын тарату шараларын жүзеге асыруда.

    «Отырар» ықшамауданындағы көпқабатты үйлерде жылу беру сапасына тұрғындар тарапынан шағым түсуі айтылып, жылу беру насостарының ескіргені анықталды. Бұл мәселенің жазғы уақытта шешілуі қажет болғанын сөз еткен Рашид Абатұлы тұрғындарға түсініктеме беріліп, тез арада насостарды жөнге келтіруді тапсырды.

    Қалалық Полиция басқармасы басшысы Бауыржан Селтанов атқарылып жатқан жұмыстар барысы бойынша баяндады. Бірқатар қылмыстық көрсеткіштердің азаюымен қатар, карантин кезеңінде интернет арқылы орын алып жатқан алаяқтық қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 166-дан 181-ге немесе 9 пайызға өскен. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша тұрғындарға алдын алу, қорғану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Өз кезегінде қаламызда орындалып жатқан карантин шаралары жайында Түркістан қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Г. Абишева сөз сөйледі. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №40 Қаулысына сәйкес қаламызда карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Айыппұлмен емес, індеттің қауіп-қатері жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілу маңызын айтқан Рашид Абатұлы қоғамдық көліктердегі дезинфекциялау жұмыстарының күшейтілу қажеттілігін ескертті. Қыс уақыты жақындауына және жұқпалы респираторлық ауруларға шалдығу қауіпі күшею мүмкіндігін ескере, санитарлық талаптарды сақтау шаралары жөнінде тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жанданады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.