Биыл Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына — 20 жыл. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған «Айғақ» телеаранасының шығармашылық тобы бірнеше ұлттың баласын бауырына басқан Қызылжар өңіріне арнайы барды. Петропавл қаласынан 15 шақырым қашықтықта жатқан Петерфельд елді-мекені өзіндік тарихымен де қызықты. Әуелде Петропавлдық атақты көпестен 10 шаңырақ неміс жанұясы көшіп келіп, қоныстануға жер сұрайды. Содан бері 1000-ға жуық тұрғыны бар елді-мекенде бірілігі жарасқан бірнеше ұлттың өкілдері күн кешуде. «Петерфельд-агро»– алақандай ауылдың атын шығарып отырған шаруа қожалығы. Қожалықтағы 3600 ірі қараның барлығы дерлік асыл тұқымды. Ветеренарлық-санитарлық өткізу бекеттері де бар. Олар кәсіп орыннан шыққан ет-сүт өнімдеріне күнделікті тексеріс жүргізіп отырады. Ал сиырларды саууға арналған орын замануи үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Яғни автоматтандырылған жүйенің көмегі мен шаруашылық мол өнім алып отыр. Кезінде Елбасының өзі келіп жүйелі жұмысына куә болған «Петерфельд-агро» ЖШС-гі бірнеше жергілікті азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айта кету керек шаруа қожалығы сүтті бағыттағы сиыр өсірумен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жері арқылы мал азығын да дайындайды. Бір маусымда 5 мың тоннаға дейін шөп жинап алатын шаруашылықтың ала жаздай еткен еңбегі қыс бойына малға азық ретінде пайдаланылады. Осылайша үлкен шаруашылықтың жұмысын жандандырып отырған қожалық төрағасы Асқар Мәдиевтің айтуынша сүт өнімдеріне сұраныс та артып келеді екен.