БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...
Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет- бұл алманың жоғары сұрыпты түрлері. Және де бұл шетелде емес, табиғаты көркем Түлкібас төрінде. Қазіргі таңда тау етегінде күздік алма жинау науқаны қызу жүруде. Жалпы алма бау көлемі 231 гектарды құрайтын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Мұнда сұранысқа ие алманың 12 түрі өсіріледі. Апорт алмасымен танылған түлкібастық бағбандар алдағы уақытта брэнд болатын алма бау шаруашылығын дамыту мақсатындағы жұмыстарды ширатуда.
Ел байлығын еселеуге өз үлестерін қосып, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырған кәсіпкерлер арасында «Кентау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.Аталмыш мекеме маусымды жұмыспен 100-120 адамды, ал тұрақты жұмыспен 40 адамды қамтып отыр. Тұрақты жұмысшыларға алма бау маңынан барлық жағдаймен қамтылған арнайы жатахқана қарастырылған. Жиналған өнімді қыс мезгілінде сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 2000 тонналық заманауй қоймасы бар. Ал, ауданда 8900 тоннаны сақтауға қауқарлы 6 қойма бар.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Машақаты көп болғанымен алар өнім еселі дейді мекеме қызметкері. 21 ғасыр озық технолгиялар заманы дегендей, бұл ғимарат жаңа техникалармен толықтай қамтамасыз етіліпті. Аппарат алмаларды өзі бірінші, екінші сұрыптарға бөліп, жуып тазалайды екен.
Дәмі бал татитын, шырыны мол алма сұртының көшеттерін сонау Түркі елінен алдырады екен.Ал, бағасына келер болсақ келісін 300 теңгеден саудалайды. Бұл да бір аймақтың әлеуетін көтеріп, халық арасынадағы жұмыссыздықтың алдын алып отыр. Шалғай жатқан ауыл болса да, тұрғындар қол қусырып қарап отырмай қысы-жазы аянбай еңбек етуде..Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...
Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...
Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...
Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...
Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....
Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.