Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысының полицейлері қаржы пирамидасының жолын кесті
    Айғақ TV

    Түркістан облысының полицейлері қаржы пирамидасының жолын кесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.08.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жетісай қаласындағы қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды aigak.kz  тілшісі.

    Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі»Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша тіркелген. Тергеу барысында кеңсеге тінту жүргізіліп, құжаттар, жабдықтар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленді.  Полицияға Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының 74 тұрғыны арызданған. Полицейлер жәбірленушілер санының әлі де артуы мүмкін екенін айтуда.  Шығын көлемі анықталып жатыр.

    Бүгінгі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінің базасында облыстық полицияның тергеу мен жедел бөлімшелерінің кәсіби қызметкерлерінен тұратын арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

    20 тамыз күні Шымкент қаласынан полиция бөліміне пирамида жасады деген күдікпен Жетісай ауданының тұрғыны ЖШС директоры жеткізілді.  Сондай-ақ, оның екі сыбайласы, Мақтаарал ауданының тұрғындары ұсталды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауда.

    Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға «жеңіл ақша» табуды ойлап, кез келген бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін ескертеді. Қаржы пирамидасының «құрбаны» болмас үшін қарапайым қырағылықты сақтап, күмәнді уәделерге сенбеу қажет.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.