• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарға үндеу жолдады

28.07.2020
0

Ағымдағы жылдың бесінші шілдесінен бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының күшейтілген карантин режимін қайта енгізгені белгілі. Өйткені соңғы кездері киелі өңір Түркістанда да індет өршіп, дәрі дәрмектің жетіспеушілігі сезілген. Дәл осындай қиын қыстау кезде Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков азаматтарды сабырлық пен сақтыққа шақырды.
«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен, Мемлекетіміздің Бас санитарлық дәрігер қаулысымен шілде айындағы карантин режимі қатаңдатылып енгізілген болатын. Себебі індет ілмегіне ілінушілер саны артып кетті. Оған қоса пневмония ауруы да кейбір иммунитеті әлсіздерге кенедей жабысып, ақырында келмеске кетірді. Дәріханалардағы дәрі-дәрмек тапшылығы да дау туғызуда. Халыққа аса қажет екенін білсе де, кейбір кәсіпкерлер дәрі-дәрмек бағасын үстемелеп, заңсыз саудалауда.Той томалақ ұйымдастыруға рұқсат етілмесе де, індетті ескермегендер бас қосып, карантин талаптарын бұзды. Бір сөзбен айтқанда, мұның барлығы індеттің өршуіне себеп болды. Бесінші шілдеден бері біз осындай мәселелерді болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстарды атқардық. Сондай-ақ әлеуметтік желіні теріс пиғыл үшін пайдаланып жалған ақпар таратушыларды да анықтадық. Оларды да тәулік бойы үздіксіз жасалған жұмыстар мен тексерулердің нәтижесінде таптық. Қысқасы полицияда сіздердің аман саулықтарыңыз үшін заң аясындағы қыруар істер атқарылуда, атқарыла береді де. Алайда адамдар арасында карантин талаптарын ұдайы ескертсек де елемеушілік жалғасуда. Сақтық шараларын ұстанбай, салғырттық танытып жатқандар да жеткілікті. Сондықтан жанашырларыңыз ретінде сіздерді індет басылғанша тағы да сабырлыққа шақыруды жөн көріп отырмын. Әлеуметтік желідегі фэйсбук парақшамда карантинге байланысты ескертіп, дәлелді деректермен бөлісіп жүргенімнен хабардарсыздар. Алайда күн өткен сайын, заңға қайшы келіп жатқандардың азаймауы көңілімді қынжылтып, сіздерге үндеу жолдауыма себеп болды.
Сондықтан әрбіріңіз бірінші кезекте өзіңіз үшін ең қауіпсіз жерде, яғни үйіңізде жақындарыңызбен бірге болыңыз. Мүмкіндігінше мүлде той жиын жасамаңыз. «Өмір алда, жақсылықтың ерте кеші жоқ» деген тіркесті жиі естіп жатамыз. Сол үшін жиыныңызды бұл жолы болмаса, келесіге, бейбіт күндердің еншісіне қалдырыңыз. Ал мәжбүрліктен сыртқа шығуға тура келсе онда сіздерге берер кеңесім — сақтық шараларын қатаң ұстаныңыз! Маскалық режимде болуды отбасыңызбен әдетке айналдырыңыз.Әлеуметтік желіге кіруге, жаңалық көруге уақыты бола бермейтін, күйбең тірліктің соңында жүрген жандарға да сақтықта қорлық жоқ екенін ескертіңіз. Естімегендерге естіртіңіз, ескермегендерге ескертіңіз. Бастысы баршамыз бірге заңға бағынайық, сол арқылы баянды болашаққа бірге жол тартайық. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз біз үшін маңызды.
Сіз үйде болыңыз, ал біз сіз үшін жұмыс жасаймыз» деді генерал-майор Қайрат Сұлтанбайұлы.
Естеріңізге сала кетсек бесінші шілдеден бастап енгізілген карантин талаптарына қарамастан облыс көлемінде той жиын жасаушылар саны азаймаған. Мәселен жиырма үш күннің ішінде сақшылар облыс көлемінде төтенше жағдай талаптарын бұзған 472 жайтты және дәрі- дәрмекті заңсыз сатудың 50 жайтын анықтады. Осылайша аталған жайттарға байланысты құжаттар заңды шешім шығарылу үшін сотқа жолданған.

Previous Post

Құрбан айтқа игі істер амалы

Next Post

Түркістанда бірнеше спорт нысандары пайдалануға беріледі

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.