• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Рашид Аюпов эпидемиологиялық жағдайға байланысты тікелей эфир өткізді

24.07.2020
0

Рашид Аюпов қала тұрғындарын онлайн қабылдайтын болады. Бұл туралы шаһар басшысы Түркістан қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткізген тікелей эфирде мәлім етті. Жалпы, жыл басынан бері 160-қа жуық азамат жеке қабылдауында болған болса, елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі аясында қабылдау тоқтатылған болатын. Ендігі, бүгінге дейін өтініш берген 149 тұрғынмен «ZOOM» бағдарламасы аясында ретімен қабылдау жүргізіп, мәселелеріне назар салатын болады.

Бір сағатқа созылған эфир барысында тақырыптан бөлек, түрлі сала бойынша қала тұрғындарының сауалдары жолданды. Атап айтсақ, су, жол, құрылыс, жұмыссыздық, жерді мемлекет мұқтаждығына алу, білім және басқа сұрақтар жауапсыз қалмады.

Карантин режиміне байланысты жұмысы тоқтап тұрған азаматтар «Халықты жұмыспен қамту орталығына» барып, жұмыспен қамтылуына болады. Әсіресе, Рашид Абатұлы қаланы дамытуда көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс саласы бойынша жұмыс көзі көп екендігін ескертті. Мәселен, үй кезегінің кешігіп жатқанын айтқан азаматтарға қала әкімі жұмысшы көзінің тапшы екенін, әсіресе өткен күндерде еліне қайтқан құрылысшылардың басым болғанын айтып, құрылыс саласының жұмыс барысы созылғанын жасырмады. Енді, қыркүйек-қазан айларында 1002 пәтер мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиеге берілетін болса, 450 пәтер кезектегілерге, оған қосымша Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан да 4 үй кезектегі адамдарға беріледі деп күтілуде.

Бау-бақша, жасыл желектерге су көп қажет болатын жаздың уақытында техникалар жиі істен шығып жатады. Түркістан қаласына су жүйесі Кентау қаласынан келетіндіктен, облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бастап Түркістанның өз су қоймасының құрылысы жүруде. «Бірнеше күн су болмады, алайда біз бар қолдан келгенді жасадық. Ол үшін өзімнің және әріптестерімнің атынан кешірім сұраймын. Қолдан келгенше күн-түні қалпына келтіру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз», — деген Рашид Абатұлы жуық арада Түркістанды сумен қамтамасыз ететін  су қоймасы жайлы да айтып өтті.

Бірнеше күннен соң барша мұсылман қауымының мерекесі Құрбан айттың да жақындап қалғанын ескеріп, қазіргі жағдайға байланысты құрбандықты үйде шалуға шақырды. Құрбан айт кезінде барлық санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін де ескертеміз. Жалпы, биыл Құрбан айт мерекесінде көмек қолын созамын деген азаматтар үшін онлайн құрбандық шалу іске аспақ. Ол үшін арнайы сайт та жасақталуда.

Тұрғындар тарапынан жаңа оқу жылына байланысты қойылған сауалдар да назарда болды. 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Жақында 1 қыркүйек. Біз жаңа оқу жылына дайын болуымыз керек. «ҚазақТелеком» және «Транстелекоммен» барынша трафикті көтеріп, бағасын түсіру бойынша сөйлесіп жатырмыз. Ал, жағдайы төмен отбасыларға планшеттер алып беру жоспарымызда. Себебі, планшетті пайдалану оңайға түседі. Ол үшін де Kcell, Beeline операторлары арқылы SIM-карталар қоса беру жоспарланған. Қазірде мұғалімдер бейнематериалдар әзірлеп жатыр және жергілікті телеарнамен келісіссөз жүргізудеміз. Ата-аналар тарапынан балаларын мектепте оқыту бойынша да өтінімдер келіп түсуде. Алайда, білесіздер бұл өте қауіпті. Дегенмен, Министрлік шешімі бойынша әрекет ететін боламыз», — деді Р. Аюпов.

Азаматтарға үй салуға жер берілу үшін толық инфрақұрылымы жүргізілуі тиіс. Одан соң үйдің қалай болу керектігін архитекторлар көрсетіп, содан кейін ғана жер бере бастайды. «Білесіздер, 90 жылдары инфрақұрылымсыз жерлер беріле бастады. Үйлер салынды, сосын: «жол қашан?», «су қашан?» деген сұрақтарды жергілікті әкімдікке келіп сұрай бастады. Осындай жағдайды болдыртпау үшін, барлығын ескеріп отырмыз», — деген шаһар басшысы  қала бойынша сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін де арнайы жоба жасап,  қазірде 15000 абонент сапалы электрмен қамтылғанын айтып өтті.

Дәріхана бағаларының шекті бағамен тауар сатуын мобильді топ мүшелері бақылау жасап тұрады. Одан өзге, дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін 11 шілде күні Алматы қаласынан 136 түрлі 242 қорап және 15 шілде күні 110 түрлі 140 қорап дәрінің алғашқы толқыны келді. Оның ішінде: антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілермен толығып, келісімге келген дәріхана сөрелеріне орналастырылып, тек шекті бағадан асырмай сатылуда. Алдағы күндерде де сұраныс бойынша жеткізілетін болады. Тұрғындарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмас үшін және кәсіпкерлерге қолдау ретінде тез жеткізу үшін қала әкімдігі логистикамен қамтамасыз етуде.

Мемлекет мұқтаждығына алу бойынша да сұрақтарға назар салған Рашид Абатұлы, кейбіріне өзі жолығып, ал кей тұрғындарға қағаз түрінде ақпарат жолданып жатқанын айтты. Оны әлеуметтік желі немес БАҚ арқылы айтар болса, орта жолда мұндай сәтті пайдаланып кетушілер де ертеректегі тәжірибеде айқындалған.

Жалпы, бүгінде 669 адам коронавируспен ауырса, 553-і жазылып шыққан. Оның ішінде қайтыс болғандар саны – 4. Пневмония бойынша да маусым айынан бері ауруханаларға жатқызылғандар саны – 1115, жазылғандар – 975. Түркістанда ауырып жатқан адамдарға оттегі концентранттары, дәрі-дәрмек әперумен көмек қолын созып жатқан кәсіпкерлер, компаниялар, еріктілер, бауырлас елдер және қала әкімдігі де бар.  Одан өзге, «Amazing Turkistan» қосымшасындағы жаңа «Дәріхана», «Қызмет» бөлімдері, мобильді топ жұмысы және дезинфекциялау істеріне тоқталып өтті. Жалпы, барша қала тұрғындарын карантин режимінің талаптарын, яғни медициналық бетперде тағу, арақашықтық сақтау, жасы үлкен азаматтардың үйде болуы сынды талаптарды орындап, індеттен аман-сау шығуымызға үлес қосуға шақырамыз!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.