«Petro Kazakhstan» компаниясы еліміздегі коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ, Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасындағы провизорлық орталыққа 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш құралын табыс етті. Сондай-ақ, індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге де бетперделер үлестірілмек. Шымкент қаласы бойынша 3000-нан астам провизорлық төсек-орындар бар. Оның ішінде 260-ы аталған ауруханаға тиесілі. Аурухана 100 медицина маманымен және өкпені жасанды желдету құрылғыларымен толыққан. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті, емделушілерді толық қамтамасыз ете алады. Бүгінде провизорлық стационарда 200-ге жуық науқас ем алып жатыр. Ал, 30 орындықты жансақтау бөлімшесінде дертке шалдыққан 28 науқас бар.
Салтанат Рүстембек,
«Айғақ» Ақпарат.