Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Індеттен түркістандық дәрігер көз жұмды
    Айғақ TV

    Індеттен түркістандық дәрігер көз жұмды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.07.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2020 жылғы 15 шілдеде ауданымызға белгілі хирург Спабеков Әлібек Өскенбекұлы 32 жасында дүниеден өтті.

    Спабеков Әлібек Өскенбекұлы 1988 жылы 6 шілдеде Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылында дүниеге келген. Түркістандағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін медицина  мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2012 жылы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған. Одан соң 2015-2018 жылдары Алғабас оңалту бөлімшесінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды.    2018 жылдан бастап Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарып келді.

    Өзінің қызметіне адал берілген дәрігер ретінде Әлібек Өскенбекұлы әрқашанда алғашқы қатарда жүріп, қиын сәтте өзінің дәрігерлік біліктілігін халыққа көрсетуге ұмтылып тұратын. Өткен жылы Арыс қаласында болған жарылыстан соң бір ай сол жерде болып, арыстықтарға көмек қолын созса, биылғы жылы бүкіл дүниені дүрбелеңге салған індетпен күресу үшін Шалдардағы провизорлық госпиталда алғашқы күннен бастап жұмыс жасады. Өзге азаматтарды өлімнен арашалаймын деп жүрген асыл азаматтың денсаулығы сыр берді.

    Жарық жұлдыздай жарқ еткен әріптесіміз Әлібек Өскенбекұлының асыл бейнесі біздің жадымызда әрқашан сақталады.

    Бәйдібек аудандық орталық аурухана ұжымы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.