• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының аумағында пандемиямен күрес шараларын күшейтуді тапсырды

29.06.2020
0

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан аумағында коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстарының барысы баяндалды.

Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде коронавирустық инфекцияның расталған 832 жағдайы тіркеліп, аурудың өршуі орын алып отыр. Індет облыстың барлық аумағында тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны 335.

​

Облыс бойынша қауіпті індетке қарсы емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда 365 төсек орын, провизорлық стационарларда 1305 төсек орын, карантиндік орталықтарда​ 1185 төсек орын ұйымдастырылған. Жалпы, өңірде тәуліктік қуаттылығы 650​ тестке дейін 4 зертхана жұмыс істеуде.

​

«Аймақта жағдай өте күрделі. Барлық аудандарда індетпен күрес мақсатында​ тиісті шараларды қолдануымыз қажет. Науқастар ауруханаларда орын және дәрі-дәрмек тапшылығынан қиналмаулары тиіс. Ең бастысы,​ қазіргідей қиын сәтте облыстың барлық аудан, қалаларында және әрбір елді мекендерде карантиндік шектеу режимін күшейтіп, талапты қатаң түрде сақтауды тапсырамын. Атап айтқанда, тұрғындардың көшеге тек бетпердемен шығуын және халық көп шоғырланатын орындарда міндетті әлеуметтік арақашықтықты қатаң түрде сақтауды, облыста құрылған мобильді топтардың жұмысын жандандырып, жүйелі түрде жүргізілсін. Шектеу шараларын бұзып, заң бұзушылықтарға жол берген жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру шараларын, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік мессенджерінде кеңінен насихаттауды тапсырамын»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарға тексерулер жүргізу алгоритміне сәйкес Түркістан облысы аумағында 71 топ жасақталған. 6229​ нысан араланып, карантин талаптарын бұзған — 1269 нысанға ескерту актілері берілген. Ескерту актілері берілгенімен, карантин талаптарын қайта бұзған 67 нысанға​ әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды. Оның ішінде 45-і жергілікті атқарушы сот органдарына жолданып, соттың шешімімен 2 жеке тұлғаға​ 5 АЕК және​ 2 жеке кәсіпкерге 100 АЕК есебінде айыппұл салынған.

Атқарылған жұмыстар туралы Өмірзақ Естайұлына әрі қарай да жүйелі мәліметтер ұсынылады. Аймақ басшысы аталған жұмыстардың жүзеге асуына аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының тікелей жауапты екендіктерін ескертті.​

​

Облыс аумағында коронавирустық​ инфекциясымен күрес жұмыстарының барысы қарастырылған аппарат мәжілісінде Мақтаарал және Төле би аудандарындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары мен осал топтағы азаматтарға көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау жұмыстарының барысы туралы да баяндалды.

​Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте спорт кешенінен 450 орындық күндізгі стационар ашылды

Next Post

Түркістан: ҰБТ қатаң талаппен өтуде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.