Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Жол сапасы тексерілді
    Айғақ TV

    Жол сапасы тексерілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

      Шымкенттегі жол құрылысы жұмыстары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Сапалы жол- Адалдық алаңы» жобасы аясында рейдтік шара ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, жолдың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол активтерін басқару жүйесі жүзеге асырылуда. Аталған жүйе жолдардың нақты жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Ал, біткен іске сыншы көп демекші, жол құрылысының сапасына көңілі толмағандар да бар. Мәселен, Тельман шағын ауданындағы Әуезов көшесіне төселген асфальт сапасына сын айтылды.

     «Сапалы жол» жобалық кеңсесінің мақсаты – автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу. Өкінішке қарай, Тельмандағы Әуезов көшесінде кешеге дейін салынып келген асфальт жолдарының өзі бүгінгі талапты қанағаттандырмайтын болып шықты. Тексеру нәтижесінде кемшіліктер табылғаны рас. Мердігер «АршанСтрой» компаниясы 8 қабатты жол төсеу керек болса, алайда, жұқа асфальт жолына 4 қабат ғана төселген.

    Мониторинг барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтап, асфальтті-бетон жабынның көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізу үшін сынама алды. Алынған үлгілер арнайы сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде салынып жатқан объектіге тиісті баға берілетін болады. «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының сынақ зертханасының мамандарының айтуынша, бұзушылықтар анықталған жағдайда мердігерлерге олқылықтарды жою үшін мерзім белгіленеді, содан кейін жол учаскесін нұсқаманың орындалуы тұрғысынан қайта тексеру жүзеге асырылады. Тұрғынның шағымы мен адалдық алаңы жобасынан ескертулер мердігер ұйым тарапынан ескеріліп, олқылықтың орны толатын болып шешілді.

      Қазіргі таңда, жобалық кеңсе жемқорлықты жою үшін қоғамдық бақылауды жүргізіп келеді. Адалдық алаңы жол сапасына үнемі жіті бақылау мақсатында 9 мониторинг жүргізіп, жол сапасының бұзылуына қатысты 61 кемшілік анықталған. Оны қалыпқа келтіру бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, бүгінде, 16-сы жойылып отыр. Өз кезегінде «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар үшінші мегаполистің жолдары қатаң бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетіндігін жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.