Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түлкібас әкімі халық алдында есеп беруде
    Әлеумет

    Түлкібас әкімі халық алдында есеп беруде

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.2020579 Views

    Қасиетті Түркістан облысының шығыс қақпасынан орын тепкен 90 жылдан аса тарихы бар Түлкібас өңірі жылдан жылға өрлеп, даму үстінде. 2019 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 73 млрд. 22 млн теңгеден асқан. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде 1 ірі, 3 орта, 24 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7 490 бірлік. Бұл сандарды одан әрі арттыру үшін және бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген 807 жоба 1 млрд. 612 млн. теңге  бөлінген. Табиғаты шұрайлы мекен Түлкібас ауданының туризм саласы қарқынды дамуда. 2019 жылы өңірге 17 067 турист келген. Оның ішінде 1 215-і шетел азаматтары. Олар үшін арнайы маршруттар құрылып, көрікті жерлердің тізімі жасалған. Міне, осы секілді ауданның 2019 жылғы атқарылған жұмыстарын өңір басшысы Нұрбол Тұрашбеков Балықты елді мекенінің тұрғындарына баяндады.

    Түлкібас өңірінде ауыз су мәселесі 99,5 пайыз шешілген. Яғни, 62 елді мекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Газбен қамтамтылу да дәл осылай толық шешімін тапқан. Аудан әкімі өз баяндамасында инфрақұрылым саласына кеңінен тоқталып өтті.

    Баяндама аяқталған соң есептік кездесудің маңызды сәті келді. Келдген тұрғындар өздерінің сауалдарын қойып, көкейдегі мәселесін жеткізді. Аудан әкімі әр сұраққа нақты жауап қайтарды.

    Есепті кездесудің қорытынды сөзін Президенттік әкімшіліктен келген мемлекеттік инспектор Серік Қожаниязов айтты. Ел президентінің тапсырмасы бойынша елді мекендердегі халқтын мәселесін тыңдауға келген. Бұған дейін, Мақтаарал, Ордабасы аудандарында болған инспектор алдағы уақытта Түркістан облысының өзге аудандарын да араламақ.

    Жиын соңында Балықты елді мекеннің ақсақал қариясы Түлкібастың түлектеріне тоқталып, аудан әкіміне алғысын айта отырып, ақ батасын берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.