Қасиетті Түркістан облысының шығыс қақпасынан орын тепкен 90 жылдан аса тарихы бар Түлкібас өңірі жылдан жылға өрлеп, даму үстінде. 2019 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 73 млрд. 22 млн теңгеден асқан. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде 1 ірі, 3 орта, 24 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7 490 бірлік. Бұл сандарды одан әрі арттыру үшін және бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген 807 жоба 1 млрд. 612 млн. теңге бөлінген. Табиғаты шұрайлы мекен Түлкібас ауданының туризм саласы қарқынды дамуда. 2019 жылы өңірге 17 067 турист келген. Оның ішінде 1 215-і шетел азаматтары. Олар үшін арнайы маршруттар құрылып, көрікті жерлердің тізімі жасалған. Міне, осы секілді ауданның 2019 жылғы атқарылған жұмыстарын өңір басшысы Нұрбол Тұрашбеков Балықты елді мекенінің тұрғындарына баяндады.
Түлкібас өңірінде ауыз су мәселесі 99,5 пайыз шешілген. Яғни, 62 елді мекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Газбен қамтамтылу да дәл осылай толық шешімін тапқан. Аудан әкімі өз баяндамасында инфрақұрылым саласына кеңінен тоқталып өтті.
Баяндама аяқталған соң есептік кездесудің маңызды сәті келді. Келдген тұрғындар өздерінің сауалдарын қойып, көкейдегі мәселесін жеткізді. Аудан әкімі әр сұраққа нақты жауап қайтарды.
Есепті кездесудің қорытынды сөзін Президенттік әкімшіліктен келген мемлекеттік инспектор Серік Қожаниязов айтты. Ел президентінің тапсырмасы бойынша елді мекендердегі халқтын мәселесін тыңдауға келген. Бұған дейін, Мақтаарал, Ордабасы аудандарында болған инспектор алдағы уақытта Түркістан облысының өзге аудандарын да араламақ.
Жиын соңында Балықты елді мекеннің ақсақал қариясы Түлкібастың түлектеріне тоқталып, аудан әкіміне алғысын айта отырып, ақ батасын берді.