Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартқан болатын.
Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадр резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралуда.
