Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Түркістанда басшылық лауазымға тағайындалды
    Айғақ MEDIA

    Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Түркістанда басшылық лауазымға тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.20201 012 Views

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартқан болатын.

    Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадр резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралуда.

    Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен

    Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

    Осы тұста, Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған жастың бірі Самат Рамазанов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Рамазанов Самат Маратұлы 1985 жылы туылған. Заңгер (құқықтану бакалавры, «Болашақ» университеті), Халықаралық менеджмент (Іскерлік әкімшілік магистрі, МВА, Geneva Business School) мамандығы бар.
    2002-2016 жылдары түрлі мемлекеттік қызметте болды. 2016 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін квазимемлекеттік секторда әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылғы наурыздан бастап «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамында еңбек етті (соңғы атқарған лауазымы – әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.