• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарыағаш ауданының әкімі болып Қайрат Әбдуәлиев тағайындалды

10.08.2016
0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Сарыағаш аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі болып Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды.

Қайрат Аманкелдіұлы Түлкібас ауданы, Қайыршақты ауылында 1968  жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген.    Алғашқы еңбек жолын С.Киров атындағы колхозының «Алтын арай»  жастар бригадасында шопан болып бастаған. 1987-1989 жылдары Кеңес әскер қатарында болып, 1989 -1994 жылдары Ташкент қаласындағы аграрлық университетінде, 2004 жылы М.Сапарбаев атындағы  Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірді. Мамандығы  ғалым агроном, заңгер. 1994 — 1995 жылдары «Достық» өндірістік коопертивінда агроном, 1995-1999 жылдары Арыс ауылдық әкімшілігінің хатшысы, 1999 -2001 жылдары Түлкібас ауданы әкімі аппаратының аймақтық даму және кадрлармен жұмыс бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Түлкібас ауданының өкілі –бас маманы, 2002-2004 жылдары Түлкібас аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, 2004 — 2006 жылдары ҚР ауылшаруашылық министрлігінің Түлкібас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2006 -2007 жылдары ҚР ауылшаруашылық министрлігінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясының бастығы қызметін абыроймен атқарды. 2007 жылы  ҚР ауылшаруашылық министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантин жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, кейінен ҚР ауылшаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантин жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясы  бастығының орынбасары, 2007- 2010 жылдары ҚР ауылшаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының  бастығы болды.
2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, маусым айында өткен VІ шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті үшінші сессиясында 2016-2018 жылдарға арналған бюджетінің негізінде облыстың даму бюджеті нақтыланған болатын. Осы жиында, Сарыағаш ауданының құрылыс нысандарына  бөлінген қаражат – 708 млн  213 мың  теңгені құраса, 2016 жылға оның 75 млн 954 мыңы нақты берілген. Осыған сәйкес, Сарыағаш ауданында 600 орындық орта мектеп, акушерлік-фельдшерлік тірек және ауылдық емхана бой көтермек.

Сарыағаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілген:

бюджеттік кірістер – 28 971 086 мың теңге,

оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 095 661 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 53 287 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 38 077 мың теңге;
трансферттер түсімі – 25 784 061 мың теңгені құраған.

106 мың халқы бар Түлкібас ауданын табаны күректей 6 жыл басқарған Қайрат Аманкелдіұлының мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Басқарушылық қабілеті жоғары. Таулы аймақтың туризмін дамытып, өндірісін өркендетуде Әбдуәлиевтің өз қолтаңбасы бар. Енді санақ бойынша 309 мың тұрғыны бар шипалы суымен төрткүл дүниеге танымал Сарыағаштың да облыс әкімі тарапынан потенциалын көтеріп, серпінді жобаларын жүзеге асыру сенімі артылып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.