Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы басымдықтар шеңберінде «Поэзия бұрышы» ашылды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі. Алдын ала Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, «Поэзия бұрышы» Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналған делінген болатын. Кейіннен белгілі болғандай, ақын Ұ.Есдәулет салтанатты шараның алғашқы, мәртебелі қонағы болып шықты. Сонымен, бұл жиын өлеңмен өрнек тоқыған қазақ ақындарының құрметіне орай ашылыпты. Тиісінше, «Мәртебелі поэзия мінбері» атты апталыққа орай ұйымдастырылған.
ШЫМКЕНТТЕН ЕУРОПАҒА: ОТАНДЫҚ ДӘРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ЖОЛ АШТЫ
Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға Шымкент қаласында орын алды. Елімізде өндірілген дәрілік препарат алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жөнелтіліп,...















