• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Төлепов тұңғыш рет есеп берді

15.01.2020
0

Шымкент қаласында мәселесі шешілмеген елді мекеннің көпшілігі Абай ауданына тиесілі. Тұрғыны да, әкімі де басқатыратын жағдай — инфрақұрылымға келіп тіреледі. Бұрын Төлеби ауданының қарамағында болған Ақжар аймағының тұрғындары қазір қандай күй кешіп отыр? Мегаполистің құрамына өттік деп қуанған ағайынның қуанышы ұзаққа созылды ма? Сұраққа осыдан төрт ай бұрын қызметке келген Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов жауап берді.

Ғалымжан Әнуарұлы 1983 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Қазығұрт, сосын Төлеби ауданы әкімінің орынбасары болған бұл азамат қазір Абай ауданын басқарып жүр. 322 911 тұрғыны бар аймаққа әкім болып келген Төлепов тұңғыш рет есеп берді. Кездесу Ақжар тұрғын алабындағы №122 мектепте ұйымдастырылған. Жиынды қадағалау мақсатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұрат Әйтенов келді.

 Өткен жылдың жұмысы түйінделгеннен кейін қариялар мінберде тұрған әкімді түсіріп, көсегең көгерсін деп әуелі бата берді.

Баталы ер – арымас. Қалай дегенмен жақсы сөз — жарым ырыс ғой. Аузы дуалы ақсақалдар жас әкімді осылай қанаттандырып, сосын істің биссимилиясына кірісті. Батпақ жол, көңілі көншімесе өшіп қалатын жарық, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар көтеріліп, от жағып, күл шығарып жүрген аналарымыз дамыған ХХІ ғасырды сезіндіруді өтінді. Әдеттегідей, қоғамдық көлік — Шымкенттің басты мәселесі.

Әкімдердің есебіне көбінесе мектеп мұғалімдері, ауыл билері, белсенді қоғам мүшелері қатысады. Ал, өзекті мәселесі мен айтары бар тұрғындар дұрыс естімей қалдық деп жататыны бар. Бірақ газет беттеріне есептік кездесудің күні мен уақыты жарияланып жүр. Сондықтан, осы жағдай аясындағы өкпе-наз орынсыз деп билік өкілдері бірден өздерін ақтап алды.

Шымкент қаласында 29 депутат бар. Бірақ олардың қайсысы сайланғанша сұңқардай көрініп, сайланған соң құзғындай жоқ болғанын білмедік. Дегенмен, сол халық қалаулылары есептік кездесуде бой көрсетсе орынды болар еді. Қанша дегенмен билік пен халықтың ортасындағы көпір емес пе? Сонымен №73 мектептің маңындағы көпір қаржы болғанда шешілетін болды. Мұнда учаскілік полицейлерін танымай жүрген тұрғындардың мәселесі қашан шешілер екен.

Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов қазынадан қаржы қаралса, жүгенді жоба жүзеге асады деп есептік кездесуді аяқтады. Уақыт еншісіне қалдырайық. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған бұл әкімді алда талай сынақ тосып тұр. Ер мойнында қыл арқан шірімес.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.