• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

МӘМС: Науқас сұраған қызметке жоқ деуге болмайды

09.01.2020
0

Науқас сұраған қызметке жоқ деуге болмайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Шымкенттегі медицина ұйымы басшыларымен өткен кездесуде мәлімдеді. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров және министрліктің инвистициялық саясат департаментінің директоры Аслан Кинаятов бастаған аймақтың штаб мүшелері көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің жан-жақтылығын, толықтығын қарау мақсатында бір қатар медициналық мекемелерді аралап шықты. Жұмыс топ өкілдері қаладағы сегізінші және он үшінші емханаларды аралап, тіркеу бөлімінің жұмысы арқылы пациенттердің мәртебесін және сақтандырылғаны жөнінде ақпаратты тексеріп көрді. Сондай-ақ емханада медициналық қызмет көрсететін бейінді мамандардың жұмыс кестесін бақылады. Нақтырақ айтқанда,жұмыс тобы науқастар үшін бейінді мамандар қызметінің қаншалықты қолжетімді екенін бірыңғай КМИС жүйесі арқылы тексерді.

Мұнан соң Камалжан Талғатұлы бастаған жұмыс тобы кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаевтың сөзінше, сақтандыру жүйесі бойынша орталыққа шұғыл жағдайда жеткізілетін пациенттерге көмек көрсетуде ешқандай кедергілер жоқ. Себебі жаңа жүйе бойынша науқастарға жедел көмек көрсету бұрынғыша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңбері негізінде көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында аймақтық штаб мүшелерінің қатысуымен қалалық әкімдікте жиын өтті. Жиында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Талғатұлы науқастар үшін кез-келген қызмет қол жетімді болу қажеттігін тілге тиек етті. Өз сөзінде вице-министр » Ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін кез-келген пациенттің мәртебесі шартты түрде сақтандырылған. Сондықтан медицина мамандары науқастарға бас тартпауы тиіс. Қандай жағдай болмасын пациенттің пайдасына шешілуі тиіс. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әрдайым көмектесуге дайын.Сондай-ақ 1406-нөмірі арқылы тәулік бойы сақтандыру қорының колл орталығына хабарласуға болады. Медициналық ұйымдарды аралау кезінде емханалардың жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге дайын екендеріне көз жеткіздік. Барлық мамандардың жұмысына алғысымды білдіремін»-деді. Айта кетейік, биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі 35 пайызға артып отыр.Нәтижесінде науқастарға қол жетімді медициналық қызметтер саны көбейген. Биыл қаладағы медициналық ұйымдарда
реабилитациялық қызмет көрсететін 600-ден аса төсек орынға ашылды. Оңалту емін жүргізетін ұйымдардың басым бөлігі қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді. Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасына қарасты 7 ұйымда ситуациялық орталық ашылған. Ситуациялық орталықтың жұмысы бірыңғай жүйе арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында мамандар денсаулық сақтау саласындағы мәселердің шешілуін дер кезінде қамтасыз етеді. Айта кетейік,қаладағы медициналық ұйымдарда пациенттерді электронды денсаулық куәлігімен қамтамасыз ету 100 пайызды құрап отыр.

Previous Post

Түркістандағы медицина ұйымдарының МӘМС-ке дайындығы жоғары деңгейде

Next Post

Академик Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.