ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ
Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...
Министрліктің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айнұр Айтаханова бастаған бір топ азаматтар алдымен облыстық клиникалық ауруханада болды. Тарихы одан да тереңде жатқанымен, ресми түрде 1947 жылдан бастап облыстық аурухана мәртебесін иемденген емдеу мекемесі — бүгінде облыс тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін жетекші медициналық орталығы болып табылады. Штаб өкілдері мұндағы емхананың жұмысымен, қабылдау бөліміндегі ТРИАЖ жүйесімен, оңалту бөлімінде инсульттан кейін ем қабылдап жатқан науқастардың жай-күйімен танысты. Емханасында халықтың ыңғайлылығы үшін МӘМС-ке жарна төлеу үшін арнайы терминалдар жұмыс істеп тұр. Жұмыс тобы сондай-ақ облыстық № 1-ші перинаталдық орталық пен Сарыағаш аудандық орталық ауруханада болды. 512 төсек орынға есептелген аудандық аурухана 100 пайыз цифрландыру жүйесіне көшкен. Науқастарды қабылдау бөлімінде ТРИАЖ жүйесі де барлық талапқа сай. Таяуда ғана ашылған жарақат бекеті тәулік бойы қызмет көрсетеді. Заманауи үлгідегі компьютерлік –томография да ауыл тұрғындарына диагностика тұрғысында үлкен көмегін тигізіп келеді.
МӘМС жүйесіне сақадай-сай дайындығы онымен қоса арнайы ақпараттандыру бұрышында қызмет көрсетіп отырған қызметкерлерінің барлық сұрақтар бойынша кеңес беріп, көмек беруімен дәлелденді. Жұмысшы топ құрамы мұнан кейін Төлеби аудандық аурухана мен МӘМС қорымен келісім шартқа отырған жеке меншік медициналық ұйымдардың да жұмыстарымен танысты. Жалпы, елімізде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің жаңа жүйесі толықтай күшіне енді. Жарналар соммалары әртүрлі болуы мүмкін, алайда әрбір сақтандырылған азамат өзі мүдделі медициналық көмектің көлемін алады. Сонымен бірге, әрбір адамға, оның сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігі сақталады. МӘМС жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейі жалпы ел бойынша 95% -дан асады деп болжануда (МӘМС жүйесін енгізу үшін ұсынылған шекті деңгей кемінде 80%-ды құрайды). Түркістан облысы бойынша бұл қамту 91,6% — ды құрайды және облыс халқының 8,4% — ы немесе 66652 адам «шартты түрде сақтандырылмаған» болып есептеледі, олар бойынша мәртебені өзектендіру жұмыстар жалғасуда. Облыс бойынша 114 денсаулық сақтау мекемесі тіркелген. Түркістан облысының «МСҚ» КЕАҚ филиалы 2019 жылға 73 өнім берушімен шарт жасады, оның ішінде мемлекеттік — 40 (51,3%), жеке — 33 (48,7%) ұйым бар.Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...
Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...
Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...
Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...
Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.