ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛҒАН ТУРНИР
Қазақ дзюдосының әлемдік додалардағы ізін жалғастыратын, жастар көбейіп келеді. Бүгінде олардың шеберлігін шыңдайтын маңызды алаңның бірі – Шымкенттегі республикалық турнир....
Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес, өңірдегі жерлерді түгендеу жұмыстары жүруде. Осыған орай құрылған арнайы жұмыс тобымен аудан, қала, ауыл округі әкімдерінің 2017 жылдан бергі аралықта жер қатынастары бойынша қабылдаған қаулылары мен шешімдерін тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Заңсыз табысталған жерлерді мәжбүрлеп мемлекетке қайтару туралы 300-ден астам талап – арыз түскен. Оның жартысына жуығы қанағаттандырылып, 17 мың 438 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының мәліметінше, жалпы облыс бойынша пайдаланылмаған 220 мың 257,5 гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Түркістан облысында егістік жер көлемі 980,4 мың гектарды құрайды. Түгендеу жұмыстары кезінде 153 мың га. жер игерілмей келгені белгілі болған. Жер қорының электронды базасы, кезекші картасы жасалмаған.
Осыған орай облыс басшысы барлық аудан әкімдеріне өзекті мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, арнайы жұмыс жоспарын құруды бұйырды. Қараусыз қалған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, тиісті тұлғаларға тапсырма жүктеді. Аппарат отырысында Түркістан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жайлы баяндама жасалды. Жоспар бойынша ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін білім беру, денсаулық, мәдениет, туризм, спорт салаларында елеулі өзгерістер орын алмақ. Жол, ауыз су, газ, көлік, байланыс, жарық, тұрғын үй құрылысы, аграрлық сектор мен елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамытумен қатар жұмыспен қамту мәселелері бойынша нақты шаралар талқыланды. Алдағы күндері Түркістан облысының ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпке көшеді. Өмірзақ Естайұлы жиында көтерілген мәселелерді жан-жақты қамти отырып, мереке күндері қырағылықты күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды. Ауа-райы бұзылған жағдайда апаттың алдын алу үшін қаупі басым тас жолдарды бақылауды тапсырды.Қазақ дзюдосының әлемдік додалардағы ізін жалғастыратын, жастар көбейіп келеді. Бүгінде олардың шеберлігін шыңдайтын маңызды алаңның бірі – Шымкенттегі республикалық турнир....
Биылғы шомылу маусымы аяқталды. Осыған байланысты төтеншеліктер 3 айда атқарылған жұмыстар тізбегін қорытындылады. Айтуларынша бұл кезеңде шомылуға рұқсат етілген орындарда...
Әділетті қоғамға – шыншыл сөз. Қарапайым сөз болып естілгенімен, бұл атаудың астарында 1994 жылдан бері жинақталған ойлар жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың...
Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...
Шетелге арзан бағамен саяхаттаймыз деген үміт ақыры, алдауға ұласты. Сегіз зейнеткер төрт миллион теңгеге жуық қаржысынан айырылған. Тергеу барысында алаяқтықтың...
Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері талқыланды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментте өткен жиында көктемгі шақырудың қорытындысы шығарылып, алдағы науқанның...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.