Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шөкеев мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
    Айғақ TV

    Шөкеев мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде облыстағы пайдалданылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарының барысы туралы, жер саласы бойынша талдау жөніндегі жұмысшы топтың қорытындысы тыңдалды. Сондай-ақ, Түркістан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары мен мереке күндері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сала жетекшілері баяндама жасады.

    Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес, өңірдегі жерлерді түгендеу жұмыстары жүруде. Осыған орай құрылған арнайы жұмыс тобымен аудан, қала, ауыл округі әкімдерінің 2017 жылдан бергі аралықта жер қатынастары бойынша қабылдаған қаулылары мен шешімдерін тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Заңсыз табысталған жерлерді мәжбүрлеп мемлекетке қайтару туралы 300-ден астам талап – арыз түскен. Оның жартысына жуығы қанағаттандырылып, 17 мың 438 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының мәліметінше, жалпы облыс бойынша пайдаланылмаған 220 мың 257,5 гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Түркістан облысында егістік жер көлемі 980,4 мың гектарды құрайды. Түгендеу жұмыстары кезінде 153 мың га. жер игерілмей келгені белгілі болған. Жер қорының электронды базасы, кезекші картасы жасалмаған.

    Осыған орай облыс басшысы барлық аудан әкімдеріне өзекті мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, арнайы жұмыс жоспарын құруды бұйырды. Қараусыз қалған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, тиісті тұлғаларға тапсырма жүктеді.  Аппарат отырысында Түркістан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жайлы баяндама жасалды. Жоспар бойынша ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін білім беру, денсаулық, мәдениет, туризм, спорт салаларында елеулі өзгерістер орын алмақ. Жол, ауыз су, газ, көлік, байланыс, жарық, тұрғын үй құрылысы, аграрлық сектор мен елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамытумен қатар жұмыспен қамту мәселелері бойынша нақты шаралар талқыланды. Алдағы күндері Түркістан облысының ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің  жеке құрамы күшейтілген тәртіпке көшеді. Өмірзақ Естайұлы жиында көтерілген мәселелерді жан-жақты қамти отырып, мереке күндері қырағылықты күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды. Ауа-райы бұзылған жағдайда апаттың алдын алу үшін қаупі басым тас жолдарды бақылауды тапсырды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.