• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстіктен жіберілген әлеуметтік көмек Баян-Өлгей халқына жетті

09.08.2016
0

Баян-Өлгей аймағындағы ағайындарға гуманитарлық көмекті жеткізуге аттанған топ елге оралды. Естеріңізге сала, шілденің 10 күні Моңғолия Республикасында тұратын қандастарымыздың өлкесін су басып, 1500 адам баспанасыз қалды. Қандастарымыз табиғат апатынан зардап шеккен  осындай ұрымтал тұста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік тиелген жүк көлігін Баян-Өлгейге аттандырды. Ал, «Айғақ» қоғамдық телеарнасының басшысы бастаған топ ақпараттық қолдау танытып, жүк көлігімен бірге табиғат апатынан зардап шеккен аймақта болып, алыстағы ағайынның қайғысына ортақтасып, қолдан келген көмекті беріп қайтты. Шілде айының 27-сі күні Оңтүстіктен азық-түлік тиелген жүк көлігі жолға аттанды. Гуманитарлық көмекпен бірге «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш бастаған топ та жеңіл көлікпен Моңғолия Республикасына жол тартты. Қазақстанның бірнеше облысын басып өтіп, Ресейдегі Алтай тауларын жағалап Моңғолиядағы Баян-Өлгейге де келіп жеттік. Шымкенттен – Баян-Өлгейге дейін тура 4000 шақырым жол жүрілді. Табиғи апат болған аймаққа келгенде 105 мың халықтың 95 пайызы қазақтар екенін білдік. Жәйбарақат жатқан сол қандастарымызды табиғи апат бір сәтте әбігерге салып кетіпті… Мына көрініс -үстіміздегі жылдың 10-11 шілдесі күнгі жағдай. Түрғындардың баспаналар қирап, дүниелері су үстінде қалғып жатыр. Белден асатын су  әбіржітіп жатқанда, жергілікті жұрт тек жанның амандығын тілепті.

Жаналыктар.00_14_15_19.Still005IMG_4953

Жылағанды жұбатып, қайғыны бөлісетін ел емеспіз бе? Тұтқиылдап келген апаттан аман қалып, қиналған қандастарымызға Оңтүстік Қазақстан облысынан көмекші топ алғашқылардың бірі болып жетті. Олар ең әуелі су тасқынының астында қалып, қаза тапқан бүлдіршіннің ата-анасына көңіл айтуды жөн санады. Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш бастап, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы Абзал Әділбеков және өзге де азаматтар қайғыға ортақтасты. 3 жасар Ақтілек Бейсенұлының рухына арнап құран бағышталып, отбасына қаржылай көмек берілді. Осы тұста 1991 жылға сәл шегініс жасасақ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында болған зілзала кезіндеде 3 жасар Біржан есімді бүлдіршін де қаза тапқан болатын. Сол кезде қыршын кеткен баланың отбасына Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып, көңіл айтты. Міне Елбасының сол көрегенділігін Оңтүстік Қазақстаннан барған көмекші топ жалғап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76 жастағы Ками Жусанбайқызы су тасқыны кезінде денсаулықтан айырылған. Онсыз да әл-ауқаты төмен қарт кісінің бүгінгі күйі тым аянышты. Тіршілігін көрсеңіз, жүрегіңіз ауырғанымен, қайсарлығына таңырқайсыз. Қарие ата-жұртынан жағдайын сұрай келгендерге дән риза болып, бір марқайып қалды.

DSC_0087

Сынған домбыраны қолға ұстап тұрған Олжас есімді баланың суреті әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Кейін оған елдегі белсенді азаматтың бірі Берік Уәли жаңа домбыраны сыйға тартты. Міне, сол отбасына халық қалаулысы да барып Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аманат еткен сыйлықты табыс етті.

DSC_0076

Сондай-ақ Баян-Өлгейде жүрген Оңтүстікқазақстандықтар Алланың ақ үйінде  аялдады. Ондағы мақсат- Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековтың ең үлкен сыйы — Құран кітапты тарту ету болатын. Осылайша «Сәлем» мешітіне елдің сәлемі жетті. Яғни, Моңғолия Ислам Діндарлар Муфтиятының төрағасы Азатхан қажы Мұханұлы бұл сыйды аса жоғары мәртебемен қабыл алды.

DSC_0164

Қандастарға алыстан ат терлетіп, демеу болып келген азаматтарды аймақтың әкімі Ғылымхан Айыпұлы қабылдап, ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүктеген «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген қағиданы шет жұрттағыларда сезінгендей.

DSC_0105

 

Сондай-ақ, оңтүстікқазақстандық көмекші топты қабылдаған Баян-Өлгей аймағы Құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлына «Бал Текстильдің» кілемін тарту жасады.  DSC_0138

Айтпақшы, ең бір әсерлі сый Баян-Өлгей аймақтық мұражайына берілді. Моңғолия қазақтары туралы деректер сақталған мұражайға киелі Отырардың тіршілігі бейнеленген картина табысталды. Яғни, бұл суреттен бір кездері ұлы Шыңғысхан қиратып, басып алмақ болған бұрынғы Отырар қаласының гүлденген келбетін көруге болады. Мұның өзі үлкен бір тарих.

DSC_0039

Жеңіл көлікпен жеткен топтың соңынан іле-шала азық-түлік тиелген жүк көлігі де келді. Патриоттық сөздер жазылып, қажетті заттар тиелген көлік табиғи апаттан зардап шеккен көшелермен жүріп өтіп, түрғындарды да рухани жағынан қолдады. Мақсат- Дүниежүзіндегі қазақтардың қамқоршысы – Тәуелсіз Қазақстан екенін білдірту еді.

Жаналыктар.00_19_25_07.Still014DSC_0152

Ия, «Дүние суға кетсе де, иманымыздан айырылып қалмайық» деп отырған қандастарымыздың төзімділігіне риза болдық.  Тұрағы бөлек болғанымен, қазақ деп соққан жүрегі бар баянөлгейліктердің  бүгінгі қуанышын көргенде, бір серпіліп қалдық. Иә, қазақ қашан да ағайын үшін қолындағы барын беріп, бөліскен қазақстандық бауыпларына деген ықыласында шек жоқ. Табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымыз киім-кешексіз, азық-түлік, баспанасыз қалып, киіз үйлерді паналап отыр. Шет жұрттағы қазақтарға гуманитарлық көмек ретінде келген жүк көлігіндегі азық-түлік мемлекеттік қоймаға жеткізілді. Дәл сол жерде қамқорлықты қажет етіп отырған отбасылар арнайы шақыртылып, азық-түлік тарқатылып берілді. Тізім бойынша 1500-дей азамат баспанасыз қалған болса, оларға қажетті деген Отандық өнімдер-заттар мен азық-түліктер   үлестірілді.

DSC_0141DSC_0001

Сондай-ақ, Оңтүстіктен әкелінген тиісті қаражатқа құрылысқа қажет ағаш сатып алынып, қоймаларға қойылды. Баспанаға зәру отбасыларға бұл ағаштар жаңа салынар үйдің бір бұрышы болмақ. Осылайша өңірімізден аттанған гуманитарлық көмек діттеген орынға жетіп, алыстағы қандастарды азда болса бір марқайтты. Сөйтіп, қандастарымызға тілеулес жұрты мен Отаны бар екенін сездіртті. Қашан да жақсылықты ескеретін баянөлгейліктер ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұловқа алғыс хат жазып, жеткізуді облыстық мәслихатттың депутаты Дулат Әбішке аманат етіп тапсырды.

DSC_0155

«Әр қазақ- менің жалғызым» — деген аталы сөз бар. Гуманитарлық көмектің түпкі мақсаты-  қандастарымыз әлемнің қай елінде жүрсе де, бауырмал халқы барын білдіру. Елбасы «Қазақстан жолы  — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп құрған маңызды жоспары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырады. Сондықтан қандай жағдай болмасын руға, жүзге, атаға бөлінбей, қазақ болып қалғанға не жетсін?! Бірлік- елдің берекесі. Қандас бауырларымыз қайда жүрсе де аман-есен болсын деген ниетпен Баян-Өлгей аймағынан алыстап, Қазақстанға бет алдық. Моңғолия елінде қалған қандастар қимастықпен қол бұлғап қала берді. Хош, баянөлгейлік қандастар, енді ешқашан табиғат зардабы орын алмасын, бас аман, бауыр бүтін болсын!

DSC_0181

Бағлан Байкөбекқызы,

Шымкент — Баян-Өлгей (Моңғолия) — Шымкент

Бөлісу67TweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.