• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ерлік жасаған түркістандық полицей Ақорданың төрінде марапатталды

21.12.2019
0

«Ердің ерлігі — ел есінде» демекші, киелі өңір Түркістан облысында ерлік және батырлық әрекеттерімен халықтың алғысына бөленіп жүрген тәртіп сақшылары қаншама десеңші. Солардың бірі, бүгінде Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінде қызмет етіп келеді. Ол полиция аға сержанты Рақымжан Ниязбекұлы. Рақымжан осы жылдың Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Ақорданың төрінде «Ерлігі үшін» медалін алып, кеудесін алғашқы төсбелгісімен толықтырды. «Ерлігі үшін» медалі нағыз ерлік көрсеткендерге ғана берілетін мемлекеттік марапат. Сондықтан ерлігімен көзге түскен жас полицей Рақымжан осылайша өз  қатарластарына үлгі-өнеге көрсетті, деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Сіздерге түсінікті болу үшін батыр полицейдің оқиғасын баяндайын. Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Отырар ауданын кесіп өтетін Арыс өзенінен суға батып бара жатқан қыз туралы хабарлама Отырар аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне таңғы сағат 6-лар шамасында түседі. Хабарлама түскен кезде полицейлер жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабар береді. Хабарды естіген Рақымжан Ниязбекұлы бірінші жетіп, ойланбастан суық суға секіреді. Бойжеткен ағысқа төтеп берер емес. Өзен өз еркіне көндіріп әкетпекші. Қыз да барынша жанталасуда.

Сол кезде Рақымжан бар күшімен қызға қарай жүзіп барады. Шошып қалған бойжеткен полицейдің иығына жабыса кетеді. Тереңге бойлаған сумен екеулеп күреседі. Ағын су екеуін жағаға жеткізер емес. Алланың қолдауы да болар, ақыры Рақымжанның қолы судың шетінде өсіп тұрған кәрі жыңғылдың бұтасына ілінеді. Тездетіп ұсталған бұтадан, ары қарай тартқылап, ақыры жуан жеріне жармасады. Осылайша жас қызметкердің өжеттілігінің арқасында екеуі де аман қалады. Сол маңға жеткен жедел жәрдем бірден қызды орталық емханаға жеткізіп, жан сақтау бөліміне жатқызады.

«Қыстың ызғары әлі де басыла қоймаған кез. Су суық. Өзен арнасына толып, ағысы да жоғары болатын. Қызды судың алып кетіп бара жатқанын көріп, есім шықты. Киім шешіп тұруға уақыт жоқ болды да, үстімдегі нысанды киіміммен бірге суға секіріп кеттім. Бар ойым бойжеткенді өзеннің еркіне бермеу. Алланың қолдауы шығар екеуміз де сумен жанталасып жүріп, жағаға әзер шықтық. Мен сумен арпалысып жүргенде жағада біраз адам жиналып қалыпты. Судан шыққанда олардың иығымнан қағып, айтып жатқан алғыстарын естісеңіз. Маған мүлде бейтаныс адамдар. Бірақ бірінен соң бірі жылы сөздерін айтып, жөнімді сұрауда. Кейбіреулері «Жарайсың жігіт!Бастысы адам аман! » дейді, қолымды қысып»  деп, басынан өткен сол бір сәтті тебіреніспен баяндаған полицей.

          Жалпы киелі облысымызда Рақымжаннан бөлек өзге де көптеген полицейлер күнделікті қауіпті қызметтерінде түрлі оқиғаларға тап болып, кейбірі қызмет бабында қаза болып жатады. Ал кейбірінің осы Рақымжан секілді еңбегі еленеді. Қызметтің қиын екендігін білсе де, ант берген полицейлер ешқашан қауіптен қашқан емес. Кез-келген адамның басына қауіп төнсе, көмектесе кетуге әзір! Рақымжанның  Мемлекеттік награданы иемденуі, бұл оның еңбегінің ерендігі. Отырар ауданында аға сержант дәрежесінде жүріп-ақ жас полицейдің жасаған бұл  ерлігі баршаға үлгі.

Тастай суға түсіп, болашағына балта шабылғалы тұрған қызды аман алып шығу кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс!

            Бүгінде құтқарылған бойжеткен аман-есен өз отбасымен бірге. Рақымжанмен хабарласып, хал жағдайын сұрап тұрады. Ал біз болсақ, өрімдей жас қызды құтқарған батыр Рақымжанға толағай табыс тілеп, елдің шексіз алғысына бөлене бер демекпіз! Елдің атын шығаратын ерен ерліктерің көп болсын!

Previous Post

Сергей Лавров встретился с Имангали Тасмагамбетовым

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЫР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.