Жалғас Әділбаев екіжақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс берген Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хүрэлсүхтың Қазақстанға ресми сапарын ерекше атап өтті. Бас қонақ ретінде қатысқан Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатар өз сөзінде қазақстандық-моңғол қатынастарының дамуына және Қазақстанның халықаралық сахнадағы тың бастамаларының жүзеге асырылуын жоғары бағалады. Сөз соңында Моңғолияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы екі мемлекеттің арасындағы қатынастардың одан әрі жан-жақты дамуына сенім білдірді. Меймандардың назарына Қазақстан туралы бейнефильм мен фотокөрме, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері орындауында ұлттық әуендер ұсынылды.
Бас қонақ ретінде қатысқан Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатар өз сөзінде қазақстандық-моңғол қатынастарының дамуына және Қазақстанның халықаралық сахнадағы тың бастамаларының жүзеге асырылуын жоғары бағалады. Сөз соңында Моңғолияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы екі мемлекеттің арасындағы қатынастардың одан әрі жан-жақты дамуына сенім білдірді. Меймандардың назарына Қазақстан туралы бейнефильм мен фотокөрме, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері орындауында ұлттық әуендер ұсынылды.