• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Дулат Әбіш «Парасат» Орденінің иегері атанды

13.12.2019
0

1996 жылы елімізде алғаш рет мемлекеттік тілдегі тәуелсіз «Айғақ» газетін, 2007 жылы республикада 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Айғақ» телеарнасын ашқан Дулат Назарбекұлы Әбіш Оңтүстік өңірінен биыл журналистер арасында тұңғыш болып Қазақстанның Журналистика академиясының академигі атанса, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жоғары мемлекеттік награда «Парасат» Орденімен марапатталып отыр. Бұл жоғары награданы Дулат Әбішке Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тапсырды.

Мамандығы бойынша ұстаз, журналист әрі заңгер Дулат Назарбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы депутаты болып сайланған. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Коғамдық кеңестің мүшесі, «Құрмет» Орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі.

2010 жылы республика бойынша «Ең үздік редактор» атағын Олжас Сүлейменовтің қолынан алса, еселі еңбегімен көпке танылған ол 2011-2015 жылдары ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды.

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісінің шақыруымен Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалаларында,  ресми делегацияның құрамында Шымкент қаласымен бауырлас Ұлыбританияның Стивинейдж қаласына, Түркия  елінде, сол секілді тәжірибе алмасу мақсатында Польша, Үндістан, Иордания, Израиль, Ресей, Украина, Оңтүстік Африка, Қытай, Эстония, Латвия, Германия, Беларус және Шешенстан елдерінде іс-сапармен болған.

Ресей журналистерінің Сочи, Догомис қалаларында өткен ХІ фестиваліне қатысты, Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен ОБСЕ-нің Ортаазиялық аймақтық конференциясына, 2007 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен Халықаралық Конгреске қатысты.  I-ХV Еуразиялық Медиа форумның  делегаты.

«Айғақ» телеарнасындағы арнайы жоба аясында Елбасы Н.Назарбаевтың бір топ курстастарын Украинаның Днепродзержинск қаласындағы училищесіне апарып, домна пешінен арнайы хабар жасады. РСФСР төрағасының бірінші орынбасары болған, Алаш қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткіш тақтайшасының ашылу рәсіміне қатысты.Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде қайнаған майдан даласы атанған Сталинград, Курск, Ржев және Волоколамск шайқастары болған жерлерден деректі фильмдер түсірді. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ізімен Үндістанның Кашмир штатында болып, Нью-Дели қаласындағы Абай Құнанбаев есімімен аталатын көшеден арнайы репортаж жасады.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін Дулат  Әбіш «Нұр Отан» партиясының ХІІІ, XIV, ХV, ХVІ, ХVII съезінің делегаты.

Іскерлігі мен еңбексүйгіштігі нәтижесінде журналистік және депутаттық қызметтерді біліктілікпен үйлестіріп жүрген Дулатбек  Абіш Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Дулат Назарбекұлы Әбіш — Түркістан облысына ғана емес, Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шетелдерге танымал, Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығы, Қазақстан Журналистер одағының Саттар Ерубаев атындағы сыйлығы, Қазақстан Журналистер одағының Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлығы, республикалық «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл адамы» номинациясы, Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңесінің «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағының  иегері атанған қаламы қарымды журналист.

Азаматтық парызды өтеу- Дулат Әбіш үшін ең үлкен міндет. Ол Ұлы Отан соғысының отты  жылдары Отанын қорғау үшін  оққа ұшып, жат жерде қалған  жауынгер жерлестер үшін де азаматтық парызын өтеп келеді. Мәселен, 2016 жылы  Дулат Абіштің белсенді атсалысуымен Ұлы Отан соғысы кезінде Ресейдің Калуга облысында қайтыс болған  жерлесіміз Мақаш Тәжібаевтың сүйегі  туған жерге әкелініп,  Шымкенттегі «Даңқ» мемориалына жерленді.

2015 жылы Дулат Әбіш  Монғолияның Баян-Өлгей аймағын  топан су басқан кезде Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының құрамында болып, қайырылымдылық көмек көрсетілуіне  ұйтқы болды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Айғақ» телеарнасы өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды кеңінен жариялап, көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Алғыс жарияланды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.