Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қоғамдық қабылдау: Түлкібас тұрғындарын толғандырған мәселелер қаралды
    Айғақ TV

    Қоғамдық қабылдау: Түлкібас тұрғындарын толғандырған мәселелер қаралды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2019Updated:06.12.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түлкібас ауданында аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.  Қоғамдық қабылдауға «Nur Otan»партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов, Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары Талғат Монтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей , аудандық мәслихаттың депутаттары мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. Қабылдауда қаралған мәселелер мемлекет тарапынан берілген пәтерлер мен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты болды. Түлкібас ауданына қарасты бірнеше ауылдың тұрғындары келіп, жауапты орындардан көмек сұрады. Өз мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тиісті жауаптарын ала-алды.


    Аудан тұрғындарының арасында әлеуметтік жағдайының төмендігі мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғаны үшін мемлекеттік үй кезегінде тұрған азаматтар бар. Биылғы есеп бойынша 89 адамға пәтер беру туралы шешім шығарылса, оның 51-і ғана баспаналарына қоныстанған. Қалғаны мемлекет тарапынан ұсынылған пәтерден бас тартқан. Себебі, 1 бөлмелі пәтерлерге көңілі толмайды. Міне, осындай мәселелерді арқалай келген аудан тұрғындары қоғамдық кеңес мүшелерінен көмек сұрады. Ал, оларға берілген жауап біреу. Келесі кезектегі үй тізімдерін күту немесе дәл қазіргі уақытта ұсынылып тұрған 1 бөлмелі пәтерді қабыл алу. Яғни, бұл ұсынысқа келіспеген аудан тұрғындары 2020 жылдың жоспарына сай ұсынылатын пәтерлерді күтетін болады.


    Қазіргі таңда баспаналы болу — қоғамның өзекті мәселесіне айналды. Өйткені, елімізде қаншама азаматтар үй кезегінде тұр. Олардың ішінде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасыз азаматтар және т.б бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.