Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»МЕГАПОЛИСТЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
    Әлеумет

    МЕГАПОЛИСТЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.11.2019721 Views

    Еліміздегі үшінші мегаполис жұрты 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлады. Мерекелік іс-шара қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өтті. Шараға шақыртылған қонақтарға арнайы 11 этно-мәдени бірлестік кәсіпкерлерінің көрмесі ұсынылған болатын. Көрмеге қойылған қолөнер туындыларын тамашалап, бармағынан бал тамған асыл әжелердің бауырсағынан ауыз тиді.

    Қазақи нақышта, нағыз өнер туындылары ұсынылған көрме концерттік бағдарламамен ұласты. Қала әкімі көрермендерге арналған ыстық лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

    Тұңғыш Президент күні мерекесі — барша қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық мерекеге айналды. Мерекенің дәл осы күнге қойылуының да өзіндік себебі бар. Бұл күн еліміздің өркендеп, көркеюіне кемеңгер саясаты арқылы аса зор үлес қосқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне қойылған. Сонымен қатар, осындай айтулы күнді мемлекетіміздегі ең ірі мегаполистердің қатарына кірген Шымкент қаласы да атап өтіп жатыр. Миллионнан астам тұрғыны мен жүзден астам этнос өкілдері тұратын қалада қазірде ауқымды шаралар мен игілікті істер орындалуда.

    Өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен салтанатты іс-шара барысында патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды.»Өнер» мектебінің ұжымы мен «Қазына» би ансамблі өнер көрсетсе, эстрада әншісі Ғазизхан Шекербеков репертуарындағы «Аға» әнін орындады.

    Сондай-ақ, мерекеге орай бірқатар азаматтар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде Елбасының курстасы Аманәлі Әбдіраманов та бар.

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.