Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Рухани құндылық– қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық форум өтті
    Айғақ TV

    «Рухани құндылық– қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық форум өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.11.2019Updated:19.11.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Рухани құндылық– қоғам бірлігінің негізі».  Дәл осы тақырып аясында аймақтық форум өтті. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының имамдары қатысқан басқосу Алланың аятымен ашылып, асыл діндегі құндылықтар насихатталды. Арқадан арнайы келген еліміздің бас мүфтиі республикалық имамдар форуымында қабылданған «Жеті рухани қазық» Тұғырнамасын жан-жақты баяндап берді.Халқымыздың дәстүрінде жеті қазына қандай киелі болса, еліміздегі мұсылман қауымының тіршілігі мен құлшылығында жеті рухани қазық сондай қастерлі болуы керек. Ендігі мақсат – осы тұғырнаманы халыққа насихаттау. Жұма уағыздарында, жамағат намаздарынан кейінгі дәрістерде Рухани Тұғырнаманың мақсаты мен міндеттерін, тәлімдерін ұлтымызға жеткізу.

    Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық. Қайырымды қаланың билігі осы бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр.

    Батырлықтың символы болған Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деген жалынды сөзі талай жастың жігерін жанып, намысын оятты. Отаншыл адам сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі-өнеге болуы тиіс. Тұғырнаманың екінші ұстыны осыған үндейді. Қоғам қайраткерлері осы бағытқа көбірек тоқталды.

    «Жеті рухани қазық» құжаты барша дін қызметкерлеріне жол сілтеп, жөн көрсетіп тұратын шамшырақ іспеттес. Сондықтан насихаттау арқылы рухани байлыққа жол ашылары сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.