Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі Баян-Өлгейге жолға шыққан делегацияны қабылдады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі Баян-Өлгейге жолға шыққан делегацияны қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.07.2016662 Views

    Сәрсенбіде ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Монғолияның Баян-Өлгей аймағына жолға шыққалы жатқан қоғамдық делегацияны қабылдады. Облыс мәслихатының депутаты, ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі Кеңес мүшесі Дулат Әбіш бастаған топ құрамында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының президенті Абай Андабаев, «Шаян» газетінің бас редакторы, журналист-мұрағатшы Абзал Әділбеков, Әл-Фараби ауданының имамы Әділбай Тойшиев, телеарна редакторы Бағлан Байкөбекқызы, журналист Гүлжан Келдебекова, телеоператорлар Ақжол Рахманқұлов, Айдар Есқұловтар бар.13692880_1020594641390208_4531363698147018379_oОсы орайда облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы  игілігі мол қайырымды істің басы қасында жүрген азаматтарды қабылдап, ақ жол тіледі. Өзгеге жылулық пен қуаныш сыйлап, жомарттық танытып, түбі бір қазақ баласы үшін алыс сапарға шығатын азаматтарға облыс халқының атынан алғыс айтып, ақжол тіледі. Қиналғанға демеу бола білетін халық қалаулысы өңірдегі жаны жомарт азаматтардың жолдаған сәлемдемесінде жеткізуді жөн көріп, аманатын орындауды мақсат тұтқан. Яғни, Баян-Өлгейдегі баспанасынан айырылып, демеу іздеген қандастарымызға барып, материалдық және рухани көмек беріп, азаматтық парызын орындауға ниетті. Сонымен қатар, көрші өлкедегі селден жапа шеккен азаматтар үшін Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қаржы жинап, азық — түлік тиелген жүк көлігі күні кеше Монғолияға аттанған болатын. Енді өңір халқының сәлемін жолдап, жолға шыққан Дулат Әбіш бастаған топпен бірге арнаның түсірілім тобы да барып, ақпараттық қолдау көрсететін болады. Естеріңізге сала кетейік, 10-шы шілде күні қазақтар шоғырланған аймақты сел басып, 700-дей отбасы баспанасыз қалған болатын.
    13724936_1020594654723540_416601674831541639_oЖолға шығып бара жатқан бұл топтың қоржынында негізінен, облыстағы аудандардан жиналған рухани дүниелер – кітаптар мен сурет картиналары сынды өнер бұйымдары, сондай-ақ, Оңтүстіктен шыққан отандық өнімдер де бар. Шілде айының соңғы күндері Монғолияда кездесетін өңір белсенділері көрші елдегі қандастарымызға материалдық жағынан ғана емес, рухани да қолдау көрсететін болады. Айта кетейік, «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік жұртшылығына танымдық, рухани-мәдени бағдарламаларды дайындауды жоспарлап отыр. 

    Еңлік Заманхан
     
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.