Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шардара халқының 84 пайызы ауыз сумен қамтылған
    Жаңалықтар

    Шардара халқының 84 пайызы ауыз сумен қамтылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.08.2015Updated:25.08.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Дүйсенбіде шағалалы аймақтың басшысы Қамытбек Айтөреев БАҚ өкілдері алдында ауданның 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, жарты жылдың жетістігін баяндады. Белгілі болғандай, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің 2015 жыл 6 айға жоспары 758,1 млн.теңгені құрап, нақты 785,7 млн. теңге түскен, яғни жоспар 103,6 пайызға орындалған. Есепті мерзімде аудандағы өндіріс кәсіпорындарында 2925,7 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызды құрады. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 525,0 млн.теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Тағы бір жағымды жаңалық, Шардараның өз әуежайы болады. Ол үшін қазынадан қомақты қаржы қаралмақшы. Туризмді дамыту мақсатында тың серпіліс беретін аумағы 110 га құрайтын әуежайды қалыпқа келтірсе  бір күнде Шардараның айдын көліне 20-30  мың адам демалуға мүмкіндігі бар.

    Шардарада ауыл  шаруашылығы  саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар өз деңгейінде жүзеге асып келеді. Мал тұқымын асылдандыру бойынша ауданда қой өсірумен айналысатын екі асыл тұқымды шараушылық бар. Сонымен қатар, мал тұқымын асылдандыру бойынша «Сыбаға» бағдарламасы да өз нәтижесін беріп келеді. Биылғы жылдың өзінде 2000 мың бас аналық мал сатып алуға тапсырма берілсе, бүгінде 1380-і орындалыпты. Айта кетерлігі, аудан әлеуетін арттырып отырған кәсіпкерлерге әкімдіктен барынша  қолдау көрсетіліп келеді. Ал, ауылдағы ағайынның ең өзекті мәселесі ауыз су мен табиғи газ екені белгілі.  Бұл мәселе бойынша осы жылы облыстық бюджеттен 717,145 млн теңге қаралып, 2 нысан құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Қызылқұм, Ақ алтын, Егізқұм және Достық елді мекендеріне газ жеткізуші құбыр құрылысы жүзеге асуда.  Ал екінші бір нысан, Көксу ауылының орта қысымды газ өткізгішін квартал ішіндегі газ жүйелерінің құрылысы жүргізуге бағытталуда. Нәтижесінде, аудан халқының 84 пайызы ауыз сумен қамтылған.

    Шардараның  байлығы, қазынасының бірі — балық шаруашылығы. Ауданда аталмыш  шаруашылықты қолға алып, кәсібінің нәсібін көріп отырғандардың да саны басым. Бүгінде 5 млрд. 200 млн. су қоймасы бар ауданда 2 балық зауыты бар. Онда өндірілген өнім тек Қазақстан ғана емес, Германия, Израйль, Ресей сынды мемлекеттердің балыққа деген қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр.

    01

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.