Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аумақтарды дамыту департаментінің директоры Жоаким Оливера Мартин бастаған ЭЫДҰ комиссиясы Шымкент қаласына келді. Қала әкімдігінде шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов комиссия мүшелерімен кездесіп, Шымкент агломерациясы тақырыбында жиын өткізді. ЭЫДҰ өкілдері ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық экономика Министрлігі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныңарасындағы «Қалалық даму саясатына шолу жасау» жобасын іске асыру туралы мәселелерге жауап ала білді.
Қала әкімі талдамалық және ақпараттық құжаттардан мысал келтіре отырып, Шымкенттің болашақ даму жолында көршілес аудан-қалаларды алға сүйрейтінін және бұған қаланың экономикалық, әлеуметтік, мәдени әлеуеті жеткілікті екендігін тілге тиек етті.
Айта кетерлігі, 2015 жылдың 25 сәуірінде ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қалалық даму саясатына шолу жасау» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілу басталған. Шолудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы желтоқсанға дейін жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі