• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

 Ел деген ерсіз бе, оңтүстік сізді төбеге көтереді

25.08.2015
0

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп, тәулік бойына тыным таппай жүретін басшы қай кезде болмасын халқының қалаулысы, елінің елеулісі, жұртының шын жанашыры.  Қаймағы бұзылмаған өлке Оңтүстікті тура 6 жыл, 6 ай басқарған білікті басшы Асқар Мырзахметовтың елге сіңірген еңбегі, туған өлкесін түлетуде тер төккен жемісті жылдары алғысқа ғана лайықты. Қабырғалы халқының қай кезде болмасын жанынан табыла білген Асқар Исабекұлының әрбір тірлікте өзіндік қолтаңбасы бар. Шымкент қаласының гүлденуінде аянбай еңбек еткен бірегей азамат, үшінші қала мәртебесіне лайықтады. Елдің әлеуеті артты, тұрмысы түзелді. Әрбір атқарылған ауқымды іс, жүйелі жоба бүгінде өз жемісін беріп келеді. Елбасы Н.Назарбаев өңірімізге жасаған әрбір сапарында А.Мырзахметовтың іскерлігі мен біліктілігіне, елжандылығына куә болып, оң бағасын беретін. Оңтүстікті басқарған әкімдердің ішінде елінің де, Елбасының да алғысына бөленген іскер басшы дегенде біздің облыс халқының көңілі алабөтен. Тіпті, Асқар Мырзахметовты Елбасымыз «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне лайық деп тапқан сәтінде, халықтың көңілінде қимастық сезім ұшқынының пайда болғаны рас. Алғысын жаудырды, алдағы жұмысына сәттілік тіледі, тіпті қазақтың қабырғалы ақыны Әселхан Қалыбекова апамыз Асқар әкімге деген жүрекжарды лебізін ақ қағазға түсіріпті. Ендеше, жыр жолдары сөйлесін.

 

AHY2352

 

Асқарға ақ жол!

Ақ жол бауырым Асқаржан

Оңтүстіктегі еліңді,

Алты жарым жыл басқарған,

Ізгілігіңнен жаңылмай,

Байрағын тікті басты арман.

Өзің ерткен ерлердің,

Еңбегімен Шымқала

Алтынменен апталған,

Күміспенен күптелген,

Көшелері көз тартып,

Көк балауса түптелген.

Кеңселері келісті,

Еңселері тіктелген.

Қылауы жоқ тірліктің

Көш бастарға жүктелген.

Асқар әкім атандың,

Ақсақалдардан бата алдың.

Тал қармаған тіліңді,

Тікен басқан дініңді

Көш бойы алға апардың

Дәстүріңді жаңартып,

«Ескі мінді» қопардың.

Ұранды да жаттадың

Бұйрығына даяр боп,

Президент пен Отанның.

Сегіз қырлы сарбазым,

Сүйсіне айтар мақтаным,

Алашты бағар апталым.

Жақсылардың жалғасы,

Ақ бұлақтың арнасы.

Азаматтығың екшеліп,

Адалдығыңды ескеріп,

Жанына алды Елбасы.

Нұр Отанның билігі,

Ұлы Отанның олжасы.

Төменге тарлық қылмасын,

Тәуелсіз елдің төрбасы.

Ақ жол саған Асқаржан,

Айқара құшақ ашып тұр,

Алаштың асқақ ордасы.

Әселхан Қалыбекова, Халық ақыны.

 

 

Бөлісу58TweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ҚАЛАҒА КӨРІК ҚОСҚАН СЕНБІЛІК

ҚАЛАҒА КӨРІК ҚОСҚАН СЕНБІЛІК

Айғақ медиа
20.09.2025
0

Шымкенттік депутаттар төсбелгісін шешіп, қолына күрек ұстап, тазалық акциясына қатысты. Оңтүстік арнайы экономикалық аймағында өткен сенбілікке «Бал-Карпет» кілем фабрикасының қызметкерлері...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.