• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Берік Уәли: Президент Абай өлеңін оқу бірреттік науқан болып қалмауына үлкен мән беріп отыр

22.08.2019
0

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасына қосылды. Бұл туралы Берік Уәли өзінің Instagram желісінде мәлімдеді.

«Жақында «Жас қазақ» ұлттық апталығына белгілі абайтанушы ғалым, бүгінде жасы 90-нан асып отырған әдебиетіміздің абыз ақсақалы Мекемтас Мырзахметов ағамыздың тамаша сұхбаты шыққан еді. Осы сұхбатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да оқып, «Бұл кісіге эстафетаны өзің берсең жөн болады» деп маған арнайы тапсырған болатын. Президенттің осы тапсырмасы бойынша дана Абайдың бір өлеңін оқымақпын», — деген Берік Уәли «Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек» өлеңін оқып берді.

Президенттің баспасөз хатшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау білдіріп, ақынның өлеңін оқығанын еске салды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы осы игі бастаманың бірреттік науқан болып қалмауына үлкен мән беріп отыр.

«Осыған орай, Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Елеуұлы еліміздегі дипломатиялық өкілдіктер мен шетелдердегі біздің елшіліктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясын, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын, Абайдың есімін иеленген жоғары оқу орындары мен колледждер ұжымдарын, орта мектептерді, Абай аудандары мен ауылдарын, тіпті, қала берді Абай есімді азаматтардың бәрін қамтыған шын мәніндегі жалпыхалықтық эстафетаға айналдыру мақсатында, тиісті мекемелерге арнайы Тапсырма-жоспар әзірлеуге нұсқау берді. Бұдан Абай шығармаларын оқу эстафетасының қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады», — дейді ол.

Берік Уәлидің айтуынша, бұл игі бастама бір жыл бойы өтіп, келесі жылдың осы уақытына белгіленіп отырған ақынның 175 жылдық мерейтойына дейін жалғасуы тиіс.

«Еліміздің барлық азаматтарын осы челленджге атсалысуға тағы да шақырамын. Енді осы эстафетаны белгілі абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов ағамызға, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Амангелді Айталы ағамызға, жазушы, алаштанушы-ғалым Тұрсын Жұртбай ағамызға, сондай-ақ досым Тәубажанға және жалпы абайтанушы, зерттеуші ғалымдардың бәріне жолдаймын», — деп түйді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының Абай өлеңін оқу бойынша эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға, және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Previous Post

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды

Next Post

«Елорда жастары сыйлығына» құжат қабылдау басталады

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.