Кеше облыс әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен «ОҚО Бизнесі» Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отрысы өтті. Кеңесте жеті сұрақ аясында 43 жоба қаралып, кәсіпкерлердің 100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау құралы мақұлданды. Бұл қолдау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаржат есебінен мүмкін болып отыр. Жалпы облыста Кеңес құрылғалы 130 отырыс өткізіліп, инвестиция құны 523,8 млрд. теңгені құрайтын 1083 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобалардың арасында «Golden Nomad» ЖШС-нің брендтік костюм шығару цехы мен «Бал текстиль» кілем өндіретін фабрикалар сынды бірқатар жобалар бар.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі