Бүгін Арыс қаласына қатысты әлеуметтік желіде қаптаған жалған ақпараттар жөнінде брифинг өтті. Маңызды мәжіліске ҚР Қорғаныс минстрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Кусаинов, Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров және Арыс қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтбаев, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.
Брифинг барысында, бірнеше күннен бері whatsapp әлеуметтік желісінде тараған, «Луна» жарылғыш снарядын көшіріп жатқандығы, оның жарылатындығы жөнінде таралған ақпараттың жалған екендігі мәлім болды. Қорғаныс министрлігінің өкілі Арыс қаласының тұрғындарын мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Сондай-ақ, бірнеше күн алдын орын алған өрт жайында Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы баяндама оқыды. Оның мәлімдеуінше, өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне11 шілде сағат 16:00-де Арыс қаласындағы локомотив жөндеу бекетінде өрт болып жатқандығы туралЫ xабар түскен. Шақырылған жерге 7 өрт сөндіру автоцистерна жолданып, өртті толығымен кешкі сағат 20:04-те сөндірген. Жарақат алған адамдар жоқ. Өрттің шығу себебін желілік полиция бөлімімен анықталуда.
Айғақ-Ақпарат