Республикамыз бойынша Қазақстан xалқы Ассамблеясы Арыс қаласына көмек ретінде 87 млн. 846 мың теңге берген. Ол көмектер азық-түлік және қаржылай түрде болды. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Қазақстан xалқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында баяндалды. Қаладағы барлық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысқан жиында Арыс қаласының бүгінгі жағдайы да кеңінен айтылып, көмектердің әлі де керектігі белгілі болды. Келісім кеңесінің отырысында көтерілген басты тақырыптың бірі Арыс қаласындағы жағдайға байланысты «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құрып, көмектерді еселей түсу.
Сонымен қатар, Елорданың туылған нижкүніне байланысты да баяндамалар оқылып, Нұр-Сұлтан қаласына Арыстық балаларды Қазақстан xалқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен саяxатқа жіберу керектігі айтылды.
Басқосу соңында Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдерін өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздарын табыстады.
«Айғақ-Ақпарат»