Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің Төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң, зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы Source Energy компаниясының баспасөз қызмет xабарлады.
«Белгілі ақын Сабыр Адай әдемі айтақандай әр қазақ — менің жалғызым. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Қолымнан келгенге мұқтаж жандарға қол ұшын созғанды жөн көремін. Арыстағы айтып келмейтін апатты ел болып жұмыла көтердік. Ел Президенті Қ.Тоқаев мырза да оқиға орнына барып, ел-жұрттың жағдайымен танысты. Осы орайда, Арысқа ізін суытпай жеткен облыс басшысы Ө.Шөкеевтің іскерлігін айта кету керек. Дегенмен осы оқиғаны көрген өзге кәсіпкерлер де аянып қалмаса екен » — деген О.Ботбай ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 24 маусым күні сағат 9.20-да Төтенше жағдайлар комитеті өртке қарсы қызмет бөліміне Арыстағы №44856 әскери бөлім территориясының қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабар түскен. Осы уақытқа дейін үш адамның ауыр халде екені және 34 адамның медициналық көмекке жүгінгені туралы мәлім болды.
Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді. Тәулік бойы 8 7252 44 94 72 немесе 8 7252 35 33 66 телефон нөмірі бойынша ақпарат алуға болады.
Adym.kz