Арысты алмастыруға болмайтындығын және тоғыз жолдың торабындағы қаланың болашағы кемел екендігін айтақн Өмірзақ Шөкеев, сын сағаттағы халықтың сабырлығы мен ынтымағы үшін алғысын білдірді.
— Иә, өте үлкен апаттық жағдай болды. Халық шыдамдылық пен ұйымшылдық танытты. Халыққа рахметімді айтамын. Апаттық жағдай болғанымен сын сағатта өз елдігімізді көрсете білдік. Кейбір азаматтар осы жағдайды пайдаланғысы келіп, алауыздық тудырғысы келеді. Сондықтан қисынсыз талаптарға жол бермейік. Тоғыз жолдың торабына айналған Арысты алмастыруға болмайды» — дейді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл орта мектебіндегі арнайы штабта журналистерге берген брифинг барысында.
Арыстың келешегі кемел. Сондықтан, болашақта ірі логистикалық орталықтың біріне айналатындығына сенім білдірді.