Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты
    Жаңалықтар

    Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.06.2016218 Views

    Шипажайымен елімізге емес, алыс жақын шетелдерге танылып үлгерген Сарыағаштың экономикалық жағдайы жыл өткен сайын жоғарылап келеді. Ұлт Көшбасшысының сындарлы саясатының шапағатын көріп отырған аграрлы аймақта қолға алынған жоба-жоспарлар көп. Әсіресе, жыл басынан Бес институционалдық реформаның негізгі кезең басталған Ұлт жоспары төңірегінде  атқарылып жатқан тірліктер халықтың көз қуанышы болып отыр.

    Кәсіби  мемлекеттік аппарат құру жаңа кадр саясатының алғышарты. Бұл бағытта конкурстық комиссия ұсынымы бойынша 18 азамат бос лауазымдық орынға жұмысқа қабылданған, тиісінше, тәлімгерлер тағайындалып, жас мемлекеттік қызметшілерге бағыт-бағдар сілтейді. Ал, заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі екінші реформа бойынша өңірлік екі басшы тағайындалған жергілікті полиция жұмысына Сақшы сарбаз еріктілер жасағы да үлкен көмегін тигізуде. Аудан аумағында орнатылған 33 бейнебақылау камералары  арқылы  үстіміздегі жылдың бес айында 3055 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен қосымша бейнекамералар үшін тағы 64 млн. қаражат қарастырылып отырған көрінеді. Ал, мал ұрлығының ізін суытпай ашудың тиімді жүйесін жасақтап отыр. Екі бірдей қоражай иесінен адасқан төрт түлікті уақытша азықтандырса, қолды болған шаруашылық көзінің де істі тергеу барысында  малдың мекеніне айналады. Аумақтық жалпы өнім ішінде негізгі үлесті ауыл шаруашылығы құраса, соңғы 5 жыл көлемінде бұл көрсеткіш 35,4 млрд теңгеге өскен. Саланы 3 кластер бойынша дамыту жолға қойылуда. Жылыжай, инновация, мал шаруашылығында ендіріліп жатқан өзгерістер, өндірістің алға қарай жылжуына серпін бермек. Республика көлемінде жылыжай өндірісінің 50 пайыздан астамын құрап отырған Сарыағаш дихандары енді егін шаруашылығында да тамшылатып суаруы қолға алмақ. Бұл, суармалы жерлердің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, су көзін үнемді жұмсауға негіз болады дейді. 300 мыңнна астам халқы бар аграрлы өңірдің проблемасын жіті зерттеп алғашқы қажеттіліктерді саралаған  аудан басшысы 154 елді мекеннің әлеуетін дамыту үшін жобалық сметалық құжаттамалар дайындаған. Жарық, су, табиғи отын секілді кезек күттірмейтін мәселелерді орындау үшін қаржының қолбайлау етіп отырғаны болмаса, алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

    Салтанат Тойболова

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.