• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Премьер-Министр Түркістан қаласының құрылыс жұмыстарымен танысты

22.06.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен, көлік инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді.

ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. ​ Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған.

ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

Асқар Мамин бөлімдердің орналасу сұлбаларын көрді. Бірыңғай орталық аумағында жедел медициналық жәрдем станциясы, онкологиялық және радиологиялық орталық, сонымен қатар жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімі жұмыс істейтін болады, бұл бөлім сәбилер өлім-жітімін азайтуға мүмкіндік береді.

Одан соң Асқар Мамин облыс орталығының құрылысы барысын тексеріп, әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсаттарда салынып жатқан нысандарды көрді.

ҚР Үкіметінің басшысы облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл, «Нұр-Сұлтан» алаңы, халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының құрылыс алаңын аралады. Әлеуметтік мақсаттағы нысандардың ішінен Асқар Мамин спорт және музыка мектептерінің, туристік бағыттағы колледждің, стадионның, оқушылар және спорт сарайларының салыну барысын көрді. Сонымен қатар, салынып жатқан Қазақ драма театры, неке сарайы ғимараттарын, сондай-ақ аттракциондары бар паркті, музыкалық фонтан мен амфитеатрды аралады.

Қаланың тарихи-мәдени орталығында ҚР Премьер-Министрі Қ.А. Яссауи музейін, «Ұлы дала Елі» орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Шығыс моншасының салынуы, Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, визит орталығын реконструкциялау, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын реставрациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі жаңа саябақ пен қалалық Арбат салынып жатқан құрылыс алаңдарын аралады.

Previous Post

23 маусым — Қазақстан Полициясының күні

Next Post

Ән шашуым өзіңе арналады — Түркістан!

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.