Түркістан облыстық мәслихаттың қос бірдей депутаты Дулат Әбіш пен Өркен Есей өз сайлау учаскелері бойынша Президентіне таңдау жасап, дауыс берді.
«Айғақ» телеарнасының бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», журналистика саласының қайраткері Дулат Әбіш Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты №438 сайлау учаскесінде дауыс беріп, бүгінгі саяси науқанға атсалысты.
Ал, Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, меценат Өркен Есей Түлкібас ауданының Машат ауылында орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Сонымен қатар, бүгінгі саяси науқанда дауыс берушілер қатарында Түлкібас жұрты да белсенділік танытуда.
Ордабасы ауданындағы сайлау науқаны туралы ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Қосановтың бақылаушысы заң талаптарына сәйкес, әділ өтіп жатқандығын айтады.
Мұнда да халық белсенділікпен бүгінгі шараға қатысып жатыр.
Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, «Сапар групп» компаниялар тобының басқарма төрағасы, меценат Қайрат Сапарбаев та бұл күні өз сайлау учаскесіне барып, белсенділік танытты.