Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Сансыз баб жатқан — Сайрамда айтыс өтті
    Бас ақпарат

    Сансыз баб жатқан — Сайрамда айтыс өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.03.2019Updated:19.03.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Сансыз баб жатқан — Сайрамым». Дәл осы тақырыппен Сайрам ауданында айтыс өтті. Әр іс-шараның өзіндік түбірі бар, төркіні болады. Бұл айтыс жастар жылына орай ұйымдастырылып, таланттарды қолдау. Қазақтың төл өнерін насихаттауды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі жүлделі орынға бағалы сыйлықтар үлестірген.

    210 мыңға жуық тұрғыны бар Сайрам ауданында айтыстың өтпегеніне талай уақыт өтіпті. Мұндағы ағайын өнерге сусып қалған. Айтысты аңсағандардың рухын көтеру үшін араға қаншама жыл салып, талантты жастар сахнаға шықты. Өнердің негізін салушы Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйіне жиылған жұрттың төл өнерге деген қызығушылығына таңырқайсыз. Жырдың тума таланттарын қошеметпен ортаға шақырып, әр әзілге шапалақты аямай соғып отырды.   Сансыз баб жатқан мекендегі айтысқа сегіз бірдей жас ақын қатысты. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласынан Ардақ Орынбек, Мейіржан Жақып, Нұрғали Әнәпиа, Сламхан Мұхамедхан, Түркістан қаласынан Рыскүл Досжанова, Төлеби ауданынан Абылай Құлтай,  Сайрам ауданынан Нұрдаулет Есіркеп, Жандос Мырзабеков. Қайран 25 жастың о жағы мен бұ жағында желкілдеп тұрған ақындар байыппен достықты, татулықты және 90 жылдық тарихы бар аймақты жырға қосты. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келген мекеннің қасиеті ақындарға шабыт қосты білем, сахнаға шыққан ақындарды белгіленген уақытта тоқтату мүмкін болмады. Домбыраны күмбірлетіп, қара өлеңмен жыр төккен ақындарға көрермен тұс-тұстан ысқырып, қиқулап жатты.Халқымыздың қанына сіңіп, өмірімен біте қайнасып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан айтыс өнердің төресі. Сол биік белесті биліктегі басшының түсінгені қуантты. Азулы ақындарды шақыртып, әділқазы етіп төрінен орын берген. Ал, көрерменге есікті тегін ашқан.Поэзия жанрының ішіндегі ең қиын, күрделісі — айтыс. Сол өнерден озып шыққандарды Сайрам ауданының әкімі марапатқа бөледі. Жандос Мырзабеков бас жүлдені қанжығасына байласа, Нұрғали Әнәпиа бірінші орынды иемденді. Жүлде алғандар тоңазытқыш, телевизор сынды сыйлықты алып қайтты. Шабытын шақырып, қара домбыраның күшімен дүбірлі дода көрсете білген ақындардың барлығы құр алақан емес. Осылайша, Сансыз баб жатқан Сайрам Наурыз мерекесі қарсаңында сөз өнеріне құрмет көрсетті.  

     «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.