АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

210 мыңға жуық тұрғыны бар Сайрам ауданында айтыстың өтпегеніне талай уақыт өтіпті. Мұндағы ағайын өнерге сусып қалған. Айтысты аңсағандардың рухын көтеру үшін араға қаншама жыл салып, талантты жастар сахнаға шықты. Өнердің негізін салушы Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйіне жиылған жұрттың төл өнерге деген қызығушылығына таңырқайсыз. Жырдың тума таланттарын қошеметпен ортаға шақырып, әр әзілге шапалақты аямай соғып отырды.
Сансыз баб жатқан мекендегі айтысқа сегіз бірдей жас ақын қатысты. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласынан Ардақ Орынбек, Мейіржан Жақып, Нұрғали Әнәпиа, Сламхан Мұхамедхан, Түркістан қаласынан Рыскүл Досжанова, Төлеби ауданынан Абылай Құлтай, Сайрам ауданынан Нұрдаулет Есіркеп, Жандос Мырзабеков. Қайран 25 жастың о жағы мен бұ жағында желкілдеп тұрған ақындар байыппен достықты, татулықты және 90 жылдық тарихы бар аймақты жырға қосты. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келген мекеннің қасиеті ақындарға шабыт қосты білем, сахнаға шыққан ақындарды белгіленген уақытта тоқтату мүмкін болмады. Домбыраны күмбірлетіп, қара өлеңмен жыр төккен ақындарға көрермен тұс-тұстан ысқырып, қиқулап жатты.
Халқымыздың қанына сіңіп, өмірімен біте қайнасып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан айтыс өнердің төресі. Сол биік белесті биліктегі басшының түсінгені қуантты. Азулы ақындарды шақыртып, әділқазы етіп төрінен орын берген. Ал, көрерменге есікті тегін ашқан.
Поэзия жанрының ішіндегі ең қиын, күрделісі — айтыс. Сол өнерден озып шыққандарды Сайрам ауданының әкімі марапатқа бөледі. Жандос Мырзабеков бас жүлдені қанжығасына байласа, Нұрғали Әнәпиа бірінші орынды иемденді. Жүлде алғандар тоңазытқыш, телевизор сынды сыйлықты алып қайтты. Шабытын шақырып, қара домбыраның күшімен дүбірлі дода көрсете білген ақындардың барлығы құр алақан емес. Осылайша, Сансыз баб жатқан Сайрам Наурыз мерекесі қарсаңында сөз өнеріне құрмет көрсетті. 
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...
Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...
Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...
Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...
10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...
Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.