• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 12 ақпан, 2019 жыл.

13.02.2019
0

— 2007 жылдан  бері республикада 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар таратып жатқан «Айғақ» телеарнасы бүгінде халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Шымкент қаласы мен мегаполиске жақын орналасқан бірқатар аудандарда таралымы жүргізіліп жатқан «Айғақты» енді рухани астананың тұрғындары да көру мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін арнамыздың ақпараттарын Түркістан облысының жұртшылығы мен еліміздің көрермендері Қазақтелекомның ID tv құрылғысы арқылы тамашалап келген.  Бүгіннен бастап, облыс орталығына «Айғақ» телеарнасы өз жиілігін таратып жатыр.

— Шипажайы мен жылыжайы қатар дамыған шекаралы аймақ Сарыағаштың даму көрсеткіші қандай? Шағын және орта кәсіпкерлік қарқын алған ауданның ендігі мақсаттары нені көздейді? 2018 жылы Елбасының тарихи шешімімен екі ауданға құрылымдалған ендігі Сарыағашты қандай мәселелер толғантады? 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы тұрған жоспарлармен таныстырған аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев халық алдындағы қорытынды есебін берді. Әрине, пікір білдірушілердің саны толастаған жоқ. Жұмыс бар жерде мәселенің болатындығын айтқан аудан басшысы кез келген жағдайдан шығудың жолы – ауызбіршілік пен татулық екендігін тағы бір түсіндірді.

— Түлкібастық   шаруалар соңғы жылдары жеміс-жидек  түрлерін өсуру ісіне мықтап ден қойып келеді. Мәселен, 2018 жылы алма  өсіруде үздік  ауданда  бойынша шаруашылықтардың еселі еңбегінің нәтижесінде 25 мың 100 тонна өнім жиналыпты. Яғни, алманың әр гектарына шаққанда аграрлы аймақ  84 центнерден өнім алған. Сондай-ақ, жері шүйгін, топырағы құнарлы, шаруаға жайлы құт мекенде, диқандар жаңғақ ағаштарын егіп, өнім өндіруге де  бет бұрып келеді.

— Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында еліміздің үздік генетиктері бас қосты. Онда жүкті ана мен дені сау бала жағдайы сөз болып, біршама мәселерелер талқыланды. Бұл проблема жөнінде мегаполис дәрігерлерімен тәжірибе алмасу үшін Алматыдан мамандар арнайы келген.

— Естімеген елде көп: ақпан айының 1-і күні Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ төрттүлік базарында 4 күн бойы аю қамаулы тұрған. Аю Мәскеу облысының  Королев қаласынан әкелініпті. Бүгінде аңның не себепті Шымкентке әкелінгенін ішкі істер органдары тергеп тексеруде.

— Елбасы «Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын. Осы орайда Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында «CLIL әдісі» аясында қалалық семинар өтті.Қала мектептері арасында өткен шараға Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен жас мұғалімдер қатысты.

— Шымкент қалалық соты қаладағы жоғары оқу орындарының және колледждеріде заңгер мамандығы бойынша білім алған талапкерлер 200 жұмыс орнын қарастырып отыр. Осының негізінде Шымкент қалалық соты үшінші мегаполистің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, отбасы балалар және жастар істері жөніндегі басқармамен өз ара ынтымақтастық туралы мемарандум түзді.  «Жастар практикасы» және «Жол картасы 2020» бағдарламалары аясында ұйымдастырылғын шараның мақсаты білікті жастарды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Кездесу барысында сот жүйесінде қолданысқа енгізілген электрондық-ақпараттық технологиялармен сервистер таныстырылды.  Сонымен қатар Шымкент қалалық соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов жастар тарапынан  сот жұмысын жетілдіруге байланысты ұсыныс-пікірлері болса қолдауға дайынбыз дейді.

— «Халықтың бренді» жобасы аясында,  түрік этно мәдени бірлестігінің мүшесі болып табылатын бір қатар табысты кәсіпкерлер  бүгін өз тәжірбиелерімен бөлісті. Шымкент қалалық Қазақстан  халқы Ассамблеясының қолдауымен басталған жиында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдірі жәнеде  табысты бизнеске қызығатын студент жастар  келді.  Шара аясында мұнда жергілікті тауар өндіруші мекемелердің көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылып, кәсіпкерлік жәйінде кеңінен айтылды. Айта кету керек, бүгінде қаладағы этномәдени бірлестіктер тек көңілді  шара өткізу мен шектелмей мегаполистің экономикалық әлеуетін артыруға лайықты үлес қосы қажет. Осы ретте, аталған «Халықтың бренд» жобасы бастау алып отыр.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.