Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістанда тұңғыш рет «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» атты халықаралық конференция өтті
    Бас ақпарат

    Түркістанда тұңғыш рет «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» атты халықаралық конференция өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.12.2018563 Views

    Түркістан облысында тұңғыш рет «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Түркістанда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт денсаулығының тетігі» тақырыбында тұңғыш Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Маңызды шараға (Чехия) Прага қаласының Халықаралық білім беру институтының директоры, профессор Марина Канушина және Қазақ Тағамтану академиясының ғалымы Майгүл Қайнарбаева арнайы шақырылды. Халықаралық конференцияға өңірдің бастық медицина мекемелерінің басшылары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Шара барысында оңтүстік өңірінде салауатты өмір салты қағидаларын насихаттайтын «Денсаулық Елшілері» тағайындалды. Сонымен қатар қатысушылар «Пайдалы өнімдер» көрмесінің жұмысымен танысты.

    — Салауатты өмір салтын дәріптеуге атсалысу әркімнің өз қолында. Біз бұл мәселеге аса назар аударуымыз қажет. Өңірімізде аурухана, емхана саны артқанымен, бұл аурудың азаюына алып келмейді. Сондықтан ұлт саулылының тетігі — салауатты өмір салтын ұстануды мақсат тұтуға міндеттіміз, деді жиын барысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

    Жиында облысымызда тұңғыш рет “Денсаулық Елшісі” атағы берілді. Жаңа титул иелері халықтың салауатты өмірге бет бұруына бағыттайтын іс — шараларға үлес қосып жаңа серпіліс бермек.

    “Денсаулық Елшісі” атағы таэквандодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы Джакартада өткен Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Әлем Кубогінің қола жүлдегері Нұрлан Сайлаубайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Шерімұлы, “Бізбен бірге!” еріктілер мектебінің төрайымы Жасмин Асқарқызы және Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Жанболат Бердібайұлына берілді.

    Еліміздің Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан 2050-мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты мемлекет дамуы Стратегиясының «Ұлт саулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» бөлігінде «Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кепілі» деп атап айтқан болатын.Бүкіл әлемде мынадай үрдістер байқалады: құрамында майдың мөлшері жоғары өнімдерді тұтынудың өсуі; аз қимылдау қызмет түрлерінің басымдылығына байланысты физикалық белсенділіктің төмендеуі, қозғалыс, жүріп-тұру режимдеріндегі өзгерістер және урбанизацияның артуы.
    Еліміздің  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында белгіленгендей халықаралық стандарттарға сай түрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардың сектораралық өзара әрекеттестігі жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың тәуекел факторларын төмендетуге бағытталған сонымен қатар дұрыс үйлесімді тамақтану бойынша да кешенді шаралар жүргізу.
    Инфекциялық емес ауруларға арналған жетекші тәуекел факторларына артық салмақ (дене салмағы          25 кг/м2 артық), қанық және  транс-майларды, қант пен тұзды сондай-ақ көкөністер мен жемістерді тұтынудың жеткіліксіздігі болып табылады.
    Балалық шақтағы семіздік ересектер арасындағы семіздікке қатысты маңызды болжамды фактор ретінде және көп жағдайда жүрек-қан тамырлары ауруларының, диабеттің, ортопедиялық мәселелердің және психикалық бұзылулардың дамуының қауіп факторы болып табылады.
    Республика халқының дұрыс тамақтану туралы хабардарлығының төмендігі өз кезегінде, азық-түлік ассортименті режимі тапшылығының дамуына ықпал етеді. Күнделікті тұтұнуға әр түрлі дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістерді, ет, сүт және балық өнімдерін, бұршақты пайдалануды ұсынған жөн. Бұл жағдайда тазартылмаған, яғни қабығы сақталған, дәнді дақылдар өнімдеріне, сондай-ақ майсыз ет пен сүт өнімдеріне басымдылық беріледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.