• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Айғақ» телеарнасының журналисі мемлекеттік сыйлықтың иегері

12.12.2018
0

Бүгін Астананың төріндегі Ақордада «Айғақ» телеарнасының бас редакторы Тойболова Салтанат Хайруллақызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. Айта кетейік, бұл марапатты Түркістан облысы бойынша журналистердің арасында бағындырған алғашқы қаламгердің бірі — «Айғақ» телеарнасының қызметкері болып отыр.

Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, шығармашылыққа бір табан жақын болған Салтанат Тойболова алғашқы еңбек жолын 2009 жылы «Айғақ» телеарнасында бастаған. Буыны әлі қата қоймаған алғыр қыз «Айғақ» телеарнасына келіп, телеарна басшысы Дулат Әбіштің ұстаздық етуімен журналистика саласына қанат қақты. Білімімен жұмысын қатар алып жүріп, мектепті аяқтады. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, Филология факультетін Филология: қазақ тілі бакалаврі мамандығында оқып бітірді.

«Айғақтың» тәлім-тәрбиесін бойына сіңірген Салтанат Хайруллақызы бүгінде қаламы жүйрік жас журналист. Өне бойы өзгелерден озық тұратын қайсар қыз шабыты келгенде алдына жан салмай қағазын алып қаламын тербей жөнеледі. Әрине, бұл шабытқа қолдау танытып шабыт қоса түсетін ең алдымен Дулат Назарбекұлы. Осы тұста ол кісінің тың идеялары мен ауқымды жобалары барша «Айғақ» ұжымына тың серпін береді десек артық емес.

Міне, сол жүйелі жобалардың бірінде Салтанат Тойболова 2011 жылы алғаш рет ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім алған Украинаның Днепродзержинск қаласындағы училище мен қызмет еткен домна пешінен арнайы репортаж жасады. Сондай-ақ, Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ізімен Украинаға сапар шегіп, көрермендерге  телехабар ұсынды.  2011 жылдың күзінде Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында РСФСР төрағасының бірінші орынбасары болған, алаш қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіштақтайшасының ашылу рәсімінен дайындалған деректі фильм Оңтүстік көрермендеріне жол тартты.

Еңбегі еленген жас журналист 2011 жылы Шымкент қаласы әкімінің «Үздік» жастар премиясының «Үздік жас журналист» номинациясы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Үздік журналист» номинациясының иегері;

2015 жылы Оңтүсік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық және туризм басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту әлеуеті» облыстық байқауының І орын иегері атанған. Сондай-ақ, 2012, 2016 және 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Тұңғыш тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің жерленген жері Үндістанның Кашмир штатынан арнайы репортаж дайындаған шетелдік тәжірибесі жеткілікті журналист. Ал ең алғаш болып Елбасы курстастарын Украинаға сапарынан деректі фильм түсіріп, көреремен назарына ұсынған Оңтүстіктегі алғашқы тілші.

Біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар шеберлік дәрістеріне қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Атап айтқанда, атақты журналист, Корольдік астрономиялық қоғамының мүшесі, Лондондағы Ғылым мұражайының елшісі Тира Шубарттың арнайы дәрісіне қатысып, «Байқоңырдың әсері», CNN телеарнасы халықаралық жобалар бойынша шығарушы редакторы Райан Смиттің шеберлік сыныбына қатысып, «Жаңалықтар әлемінің келешегі» сертификаттарының иегері атанды. Сондай-ақ, Британияның Консулдығы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Журналистиканың ағылшын тілінің курсын меңгеріп, халықаралық сертификатқа ие болды.

Салтанат Хайруллақызы сонымен қатар, телеарнада бірнеше жобалардың авторы. Оның жетекшілігімен «Бетпе-бет», «Өнегелі өмір», «Сырлы сұхбат», «Қарышты қадам», «100 нақты қадам», «Сырлы тарихқа саяхат» және «Демалыс және туризм», «100 есім» атты хабарлары тұрақты түрде арнадан көрсетіліп келеді.

2016 және 2018 жылдары ХІІІ — ХV Еуразиялық Медиа Форумның делегаты ретінде қатысып, Еуропа мен Азиядағы өзекті мәселелер талқыланған пікірталас алаңынан арнайы хабар дайындады.

Еліміздің елеулі меретойлардың маңыздысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл қарсаңында «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тың тақырыптарды қозғап, көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы туралы сюжеттер, хабарлар және арнайы репортаждарды үздіксіз жүргізіп келеді. Қазіргі таңда «Айғақ» телеарнасының бас редакторы. Отбасылы, екі ұл бір қыз тәрбиелеуде.

 «Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.