Бүгін Елорда төрінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәкен Қаныбеков «Айғақ» телеарнасының «Ашық сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді. Түркістан облысының құрылуы, Шымкенттің республикадағы үшінші қала статусына ие болуы, Батыс Еуропа — Батыс Қытай күре жолының ел экономикасындағы маңыздылығы мен аграрлық саладағы негізгі мәселелерге тоқталды. Ағынан жарылған Мәжіліс депутаты «Dala-fruit» секілді шаруа қожалықтарының жемісті еңбегімен мақтанатындығын жасырмады. Бұл — Оңтүстік өңірлеріндегі агроөнеркәсіптік кешен жұмыстарының жанданып келе жатқандығының дәлелі. Сонымен қатар, жуырда жарық көрген Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын Сәкен Қаныбеков:— «Ұлы Даланың жеті қыры — жаңғырудың мызғымас бір бөлшегі», деп ашық сұхбатты әсерлі сөзімен аяқтап, еліміздің еңсесін тіктеп, туымызды көкке желбіреткен «Тәуелсіздік» мерекесімен барша түркістандықтарды құттықтап, өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Ұлжан Наушабаева.